Автомобиль жүргізушісі

«Шүлбі ГЭС» ЖШС Шүлбі к.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
898

   Конкурс туралы

Міндеттері:

АТС бастығының немесе механиктің тапсырмасы бойынша, жол парағына сәйкес, серіктестіктің көлік құралдары мен арнайы техникасын басқаруды жүзеге асырады.

   Автотранспорт қызметінің жүргізушісі Серіктестіктің көлік құралдары мен арнайы техникасына ұсақ жөндеу жүргізу үшін тартылуы мүмкін.

Жүргізуші міндетті:

- жол қозғалысы ережелерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын бұлжытпай сақтау; жұмысқа шыға алмау мүмкіндігі және оның себебі туралы тікелей басшысына алдын ала хабарлау;

- тікелей басшының өкімдеріне сәйкес барлық іс-шараларға қатысу;

- көлікті апатсыз пайдалануды қамтамасыз ету;

- жанар-жағармай материалдарының үнемді жұмсалуын қамтамасыз ету;

- белгіленген тәртіппен жол құжаттамасын ресімдеу;

- күн сайын жолға шығар алдында автомобильдің техникалық жай-күйін тексеру;

- уақытылы медициналық куәландырудан өту;

- қозғалыс бағыттарының оңтайлы маршруттарын таңдау;

- автомобильді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу;

- автомобильді басқаруға және жөндеуге тікелей басшымен келісусіз тұлғаларды жібермеу;

- жанар-жағармай материалдарын құюға берілген ақшалай қаражаттың есебін жүргізу және тікелей басшы белгілеген мерзімдерде есепті ұсыну;

- барлық оқиғалар, шабуыл жасау, ұрлау және т.б. жағдайлар туралы тікелей басшыға дереу хабарлау;

- жолаушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын барынша қамтамасыз ететін, сондай-ақ автомобильдің техникалық тұрғыдан ақаусыз күйін қамтамасыз ететін дұрыс кәсіби жүргізуді жүзеге асыру;

- аса қажет болмаса дыбыстық сигналдарды қолданбау және алдыңғы келе жатқан автомобильдерді күрт басып озуға жол бермеу;

- авариялық жағдайдың туындауын болдырмайтын жылдамдық пен қашықтықты таңдау;

- автомобильді ұрлану немесе автомобиль ішіндегі қандай да бір заттардың ұрлануы мүмкіндігін беретін кез келген ең аз мерзімге де, көріну аймағынан тыс қараусыз қалдырмау;

- кез келген жағдайда автомобильден шыққанда міндетті түрде оны дабылға қою; қозғалыс кезінде және тұрақта автомобильдің барлық есіктері құлыпталуы тиіс, автомобильден шығу (отырғызу) кезінде ықтимал қауіптің жоқ екеніне көз жеткізу қажет;

- автомобильдің техникалық жай-күйін қадағалау, оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды өз бетінше орындау (пайдалану нұсқаулығына сәйкес), сервистік орталықта уақытылы техникалық қызмет көрсетуден және техникалық тексеруден өту;

- автомобиль қозғалтқышын, кузовын және салонын таза ұстау, оларды тиісті күтім құралдарымен тиісті беттерге арналған құралдар арқылы қорғау;

- жұмысқа шығар алдында және жұмыс барысында назарды, реакцияны және ағзаның жұмысқа қабілеттілігін төмендететін алкогольді, психотроптық, ұйықтататын, антидепрессиялық және басқа да құралдарды қолданбау.

- жұмыс орнына немесе жұмыс учаскесіне бөгде тұлғалардың кіруіне жол бермеу.;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және ИСМ құжаттамасына сәйкес еңбек тәртібі ережелерін, қолданыстағы қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық және өзге де нормалар мен ережелерді сақтау.

- ақаулы құралды пайдаланбау;

- берілген арнайы киімді, арнайы аяқкиімді және қорғаныш құралдарын дұрыс қолдану;

Тікелей басшысына дереу хабарлау:

1) жабдықтың ақаулықтарын, сақтандырғыш құрылғылар мен қорғаныш құралдарын анықтаудың барлық жағдайлары туралы;

2) жеке өзі немесе басқа жұмыс істейтіндердің алған әрбір жарақат жағдайы туралы;

3) өрттің шығуы немесе авариялық жағдайдың туындауы туралы.

4) зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде белсенді болу, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдерін білу, өрт сөндіру құралдарының, жедел жәрдем шақырудың және өрт күзетінің орналасуын білу әрі оларды қолдана алу.

5) персоналды жинауға арналған белгіленген орындардағы талаптарға сәйкес эвакуация жүргізу.

Талаптар:

  • жүргізуші куәлігі B, C, D, BE, CE, DE санаттары, Тракторшы куәлігі
  • Семей қаласында тұру немесе көшу

Шарттар:

  • Бес күндік жұмыс кестесі:

    5.30-дан 10.30-ға дейін жұмыс уақыты;

    - 10.30-дан 16.30-ға дейін демалыс және түскі асқа үзіліс;

    - 16.30-дан 19.30-ға дейін жұмыс уақыты.

Қажетті қабілеттер

  • Умение анализировать сложившуюся ситуацию
  • умение принимать незамедлительные решения