Автомотрис машинисі Әйтеке би станциясы Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы

326 155 - 346 549
Актобинская дистанция электроснабжения Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
191

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  1. Теміржол жолдарымен қозғалу кезінде автомотрисаны басқару, жұмысшыларды, материалдарды, жабдықтар мен құрылғыларды жұмыс орындарына тасымалдау. Станция шегінде маневрлік жұмыстарды орындау. Тіркеме платформасына жүкті тиеудің, орналастырудың және бекітудің дұрыстығын бақылау. Дрезина мен автомотриcaдағы ақауларды жою.
  2. Адамдарды тасымалдауға арналған автомотристі басқару, теміржолдарда пайдалану және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде электрмен жабдықтау құрылғыларын тексеру кезінде жөндеу жұмыстарын орындау. Дрезина мен автомотристі, олардың қозғалтқышын, электр және гидравликалық жабдықтарын, тежеу жүйесін, майлау жүйелерін, сигналдық аспаптарын, жүріс бөліктерін жарамды күйде ұстау және техникалық қызмет көрсету. Механизмдердің үйкелетін бөлшектерін майлау.
  3. Дрезина мен автомотрисада, сондай-ақ оларға іргелес аумақта тазалық пен тәртіпті сақтау.
  4. Кезекшілік журналдарын жүргізу (қызмет көрсетілетін дрезина мен автомотристің және олардың құрамдас бөліктерінің жұмысын, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарының шығысын есепке алу).
  5. Аспаптардың, бақылау-өлшеу құралдарының және аккумуляторлық батареялардың жиынтықтылығын, жарамдылығын тексеру.
  6. Жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу. Белгіленген мерзімдерде техникалық қызмет көрсетуді орындау.
  7. Жұмыс беруші ұсынған арнайы киімді, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын, құрал-саймандарды, арнайы құрылғылар мен өртке қарсы мүкәммалды пайдалану және оларды мақсатына сай қолдану.
  8. Міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден, күнделікті ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту, сондай-ақ жыл сайын электр қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін мерзімдік тексеруден өту.
  9. Адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін туындаған жағдайлар, сондай-ақ жұмыстың тоқтап қалуы туралы жұмыс берушіге хабарлау. Теміржол көлігі объектілерінен жүктер мен материалдық құндылықтарды ұрлау жағдайлары туралы хабарлау.
  10. Техникалық сабақтар мен телеграфтық нұсқаулар бойынша конспектілер жүргізу.

Біліктілік талаптары:

БІЛІМІ: Орташа арнайы

МАМАНДЫҒЫ: Автомотрис машинисі және дрезина жүргізішісі 
 
ЕҢБЕК ӨТІЛІ: 2 жыл

Қосымша талаптар:

Лауазымдық міндеттер:

Теміржол жолдарымен қозғалыс кезінде автомотрисаны басқару, жұмысшыларды және материалдарды, жабдықтар мен құрылғыларды жұмыс орнына тасымалдау. Станция шегінде маневрлік жұмыстарды орындау. Тіркемелі платформаға жүктің дұрыс тиелуі, орналастырылуы және бекітілуін бақылау. Дрезина мен автомотрисаның ақауларын жою.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)

Ұқсас вакансиялар

КТСМ электр механигі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Ақтөбе магистралдық желі бөлімшесі» филиалы Қандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясы
Кандыагашская дистанция сигнализации и связи | Еңбекпен толық қамтылу | Ақтөбе облысы
20.11.2026 |  1190
375 822 - 398 157
КТСМ электр механигі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Ақтөбе магистралдық желі бөлімшесі» филиалы Қандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясы
Кандыагашская дистанция сигнализации и связи | Еңбекпен толық қамтылу | Ақтөбе облысы
20.11.2026 |  1158
375 822 - 398 157
радиобайланыс электр механигі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Ақтөбе магистралдық желі бөлімшесі» филиалы Қандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясы
Кандыагашская дистанция сигнализации и связи | Еңбекпен толық қамтылу | Ақтөбе облысы
20.11.2026 |  1104
375 822 - 398 157