Электр жабдықтау функционалдық бағытының 5 разрядты электр жөндеуші
- Құрылған күні:
-
17.11.2026
- Берілген өтінім:
- 33
- Қаралған саны:
- 551
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Күрделі қорғаныс құрылғылары мен автоматика және телемеханика аспаптарындағы схемаларды реттеп, ақауларын жояды; бригада құрамында 1000 В-қа дейінгі және одан жоғары кернеулі әуе желілерін тексереді; электр жабдықтарын қосу схемалары аса күрделі күштік және жарықтандыру қондырғыларын, сондай-ақ машиналар мен агрегаттардың схемаларын және процесті автоматты түрде реттейтін жабдықтарды қызмет көрсетеді; энергетикалық жүйелердің жұмысындағы ақауларды жоюға, оларды жөндеуге, монтаждауға, реттеуге және сынауға қатысады; кірме құрылғылар мен жалғаушы муфталарды орната отырып, кабельдік желілерді монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізеді; энергия және өртке қарсы жабдықтардың бұғаттау, сигнал беру, басқару құрылғыларының жұмыс режимдерін автоматты түрде реттейтін құрылғыларды, диспетчерлік автоматтандырылған басқару жүйелерін, электрондық басқару схемалары бар дәнекерлеу жабдықтарын, электр жабдықтары агрегаттарын және ток пен кернеу бойынша кері байланысы бар электрмашиналық басқару жүйелерімен жабдықталған станоктарды монтаждау, жөндеу, реттеу және қызмет көрсету жұмыстарын орындайдыБіліктілік талаптары:
Білімі: орта кәсіптік (техникалық) білім.
Мамандығы: электр жабдықтары саласы (түрлері мен салалары бойынша); біліктілігі бойынша – техник-электрик, электромеханик, электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер.
Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 3 жыл.
Қосымша талаптар:
Құзыреттері:
-
Электр қондырғыларында қолданылатын қорғаныс құралдарын сынақтан өткізу; электр қондырғыларында қолданылатын қорғаныс құралдарын сынау ережелерін білу.
-
Бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын баптау және реттеу; электр жабдықтары мен кабельдік желілерді сынау әдістері; косинус φ мәнін арттыру үшін статикалық конденсаторларға қажеттілікті есептеу; түрлендіргіштер мен жоғары жиілікті қондырғылардың жұмыс істеу принциптері.
Дағдылары:
-
Өлшеу аспаптарымен жұмыс істеу, электр жабдықтарының ақауларын диагностикалау және анықтау; электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету кезінде қолданылатын құралдар мен жабдықтарды сенімді пайдалану; әртүрлі қуаттағы электр машиналарын және күрделі электр жабдықтарын бөлшектеу, жинау, жөндеу және реттеу жұмыстарының тәсілдері мен операциялар реттілігін білу;
-
Электр қондырғыларында жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыру тәртібін, жұмыс істеп тұрған электр жабдықтарын бақылау және қызмет көрсету қағидаларын сақтау;
-
Электр қозғалтқыштарын центрлеу және теңгерімдеу тәсілдерін меңгеру;
-
Сызбаларды, жобаларды, құрылымдық, монтаждық және принциптік электр схемаларын оқу қабілеті.
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Ұқсас вакансиялар