Атырау электрмен жабдықтау дистанциясының Мақат электр торабы, Доссор стансасының әуе желілер электромонтері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1) еңбек және атқарушылық тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын және жұмыс режимін сақтау;
2) осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген еңбек міндеттерін сапалы әрі уақтылы орындау;
3) Компанияның басқа қызметкерлеріне құрметпен қарау, әдеп нормаларын сақтау;
4) кәсіби қасиеттерін жетілдіру, еңбек міндеттерін орындау кезінде бастамашылдық пен шығармашылық көзқарас таныту, озық тәжірибені пайдалану, әріптестеріне еңбек міндеттерін орындау барысында қолдау көрсету;
5) әріптестері мен басшыларының сыны мен ескертулерін дұрыс қабылдау, сондай-ақ жіберілген қателіктерін уақтылы мойындай білу;
6) кәсіби функцияларын Компанияның мүддесі үшін адал әрі саналы түрде, тиісті ұқыптылық пен сақтық таныта отырып, жанжалдарға жол бермей орындау;
7) іске деген көзқарасы және жеке мінез-құлқы арқылы еңбек ұжымында тұрақты әрі жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал ету;
8) пайдалануындағы мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне де ұқыпты қарау;
9) жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
10) кәсіптік-техникалық даярлық көлемінде электротехниканы білу, электр қондырғыларында жұмыс істеу кезіндегі қауіпті толық түсіну;
11) жұмысқа рұқсат беру қағидаларын білу, жұмысты ұйымдастыру және жұмысшыларға бақылау жүргізу;
12) жеке қорғаныш құралдарын пайдалану қағидаларын, электр тогынан зақымданған кезде алғашқы көмек көрсету қағидаларын білу және электр тогынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсете білу;
13) электрмен жабдықтау ауданының электрмен жабдықтау сызбаларын жұмыстарды орындау үшін қандай элементтерді ажырату қажет екенін еркін анықтай алатындай деңгейде білу;
14) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтай отырып, жоспарға сәйкес жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын орындау;
15) 0,4–6–10 кВ әуе электр беру желілеріне (ӘЖ), трансформаторлық қосалқы станцияларға (ТП, КТП) қызмет көрсету жөніндегі соңғы нұсқаулардағы өзгерістерді, теміржолдардың техникалық пайдалану қағидаларын (ТПҚ), қауіпсіздік техникасы қағидаларын (ҚТҚ), сигнал беру және байланыс жөніндегі нұсқаулықты (ИСИ), қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты (ИДИ) білу;
16) ӘЖ-ді күтіп ұстау қағидаларына сәйкес электр желілері ауданының электр беру желілері мен құрылғыларын аралау және автокөлікпен тексеру;
17) энергетикалық шаруашылық құрылғыларынан анықталған ақауларды жою және оларды тіркеу;
18) электр желілері ауданының электромеханигі болмаған кезде оның міндеттерін атқару;
19) емтихандарды тапсырып, нұсқамадан өткеннен кейін ғана 3–4-разрядты электрмонтерді өз бетінше жұмыс істеуге жіберу;
20) авария немесе ақау болған жағдайда электрмонтер электр желілері ауданының бастығын, аға электромеханикті және электромеханикті дереу хабардар етуге, қарап-тексеру және ақаулар журналына жазба енгізуге, сондай-ақ нұсқаулықтар мен ережелерді басшылыққа ала отырып, аварияны жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауға міндетті;
21) кіріс құжаттарын қабылдау;
22) дистанцияға келіп түсетін құжаттарды тіркеу және есепке алу;
23) дистанцияның шығыс құжаттарын тіркеу және есепке алу, олардың дұрыс ресімделуін тексеру және адресаттарға беру;
24) құжаттардың белгіленген мерзімдерде орындалуын бақылау;
25) дистанция басшылығына орындалған және орындалу үстіндегі құжаттар туралы ақпарат дайындау;
26) дистанцияға келіп түсетін құжаттардың бар-жоғын салыстырып тексеру;
27) орындалған құжаттардың істерге уақтылы тігілуін бақылау;
28) хаттамалар мен бұйрықтарды тіркеу;
29) бекітілген функционалдық рөлдер мен өкілеттіктер матрицасына сәйкес өндірістік активтерді басқару және жөндеу жөніндегі АСУ және ТОиР жүйесінде (SAP PM RWP RWT модулі) жұмыс істеу.
Біліктілік талаптары:
Білімі: Жоғары, орта кәсіптік және арнайы бағдарлама бойынша оқу.Сала бойынша мамандығы: Теміржолдың электр жүйелерін электрмен жабдықтау, пйдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; Электроэнергетика
Жұмыс тәжірибесі: жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар жоқ.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж