«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының «Атырау» АҚКП қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженері

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
468

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) барлық қызметтері мен бөлімшелерінің қызметін жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағыттау;
  • жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру, жүргізушілердің (машинистердің) Жол жүрісі қағидаларын, Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі өзге де басшылық құжаттарды сақтауына жүйелі бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;
  • желіге шығарылатын автокөлік құралдарының тиісті техникалық жай-күйін, олардың тасымалдау түрлеріне сәйкестігін, жүргізушілердің біліктілігін, олардың еңбек тәртібін және денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды сақтауын, сондай-ақ желідегі жұмысының сапасын бақылау;
  • Басқарманың автокөлік құралдарының қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларына қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге, оның ішінде оқиға болған жерге бару арқылы қатысу; жол-көлік оқиғалары мен жол жүрісі қағидаларын бұзу себептерін талдау; ұжымда жол-көлік оқиғаларын және жүргізушілер (машинистер) жол берген жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілерін талқылауды ұйымдастыру; жүргізушілердің (механизаторлардың) кінәсінен болған жол-көлік оқиғаларының себептерін жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
  • жол-көлік оқиғалары мен Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу, автокөлік және арнайы техниканың апатсыз пайдаланылуын қамтамасыз ету, жүргізушілердің (машинистердің) кәсіби шеберлігін арттыру және олардың бойында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу; жүргізушілерді (машинистерді) жұмысқа қабылдау және автомобильдердің басқа маркаларына ауыстыру кезінде тағылымдамадан өткізуін бақылау;
  • GPS-мониторинг жүйесі арқылы автокөлік құралдарының пайдаланылуына мониторинг жүргізу, анықталған бұзушылықтарды, оның ішінде жылдамдық режимін бұзуды, қозғалыс маршрутынан ауытқуды, жүргізушілер құрамының еңбек және демалыс режимін сақтамауын, сондай-ақ автокөлік құралдарын мақсатсыз пайдалану фактілерін есепке алу және талдау;
  • тікелей басшы бекіткен жоспарға сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігі кабинеті (сыныбы) жұмысын ұйымдастыру, оны қажетті әдістемелік материалдармен және көрнекі құралдармен қамтамасыз ету; жүргізушілер құрамымен Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларын және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де материалдарды зерделеу бойынша сабақтар өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ білімдерін тексеру;
  • жүргізушілердің рейс алдындағы, рейстен кейінгі және мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден өтуін, медициналық қайта куәландырудың белгіленген мерзімдерін, сондай-ақ жүргізушілердің (машинистердің) еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылау;
  • автокөлік құралдарына рейс алдындағы және рейстен кейінгі техникалық қарап-тексерулер жүргізу, қарап-тексеру парақтарын (чек-парақтарды) және қозғалыс маршруттары мен жүріп өткен қашықтығы көрсетілген жол парақтарын бекітілген маршруттарға сәйкес ресімдеу; автомобильдердің монтаждау блоктарын қарап-тексеру және оның нәтижелерін бақылау қарап-тексеру парағында міндетті түрде тіркеу;
  • желіге шығарылатын жылжымалы құрамның тиісті техникалық жай-күйін, оның тасымалдау түрлеріне сәйкестігін, жүргізушілердің біліктілігін, олардың еңбек тәртібі мен денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды сақтауын, сондай-ақ желідегі жұмысының сапасын бақылау; жүргізушілердің және қызметі жылжымалы құрамды пайдаланумен байланысты басқа да қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
  • азаматтық қорғаныс саласындағы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ПД ӘПБ органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • вахтаны қабылдау-тапсыру кезінде сеніп тапсырылған мүлік пен тауарлық-материалдық құндылықтарды, оның ішінде автокөлік және арнайы техниканы, механизмдерді, құрал-саймандарды, жабдықтар мен керек-жарақтарды, шығыс шикізаты мен материалдарды техникалық жарамды және тиісті эстетикалық жай-күйде қабылдау-тапсыру актісі бойынша қабылдау және тапсыру;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электр қауіпсіздігі саласындағы қағидалар мен нұсқаулықтарды бұзу қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін жағдайларда жұмыстарды тоқтата тұру;
  • алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі жұмыскерлерді жұмысқа жібермеу.

Талаптары:

  • кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • кәсіби саладағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Шарттары:

Қажетті қабілеттер

  • Планирование и организация работ
  • Безопасность дорожного движения
  • Сбор, систематизация и анализ информации
  • Знание правил дорожного движения и техники безопасности

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)