Бас механик қызметінің инженері
«Бутадиен» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Жабдық жеткізушілерінің, мердігерлік және жобалау ұйымдарының техникалық ұсыныстарын қарастыру; олардың жоба талаптарына, нормативтік құжаттамаға және корпоративтік стандарттарға сәйкестігін талдау және сол бойынша ұсыныстар дайындау
- Техникалық ақпаратқа талдау жүргізу, техникалық қорытындылар, ұсыныстар, ескертпелер, сұрау салуларға жауаптар және «Бас механик қызметі» құзыретіне кіретін өзге де материалдарды дайындау
- Техникалық тапсырмаларды, техникалық талаптарды, жобалау, жабдық жеткізу және бекітілген қызмет бағыты бойынша жұмыстарды орындауға арналған бастапқы деректерді дайындауға қатысу
- Бекітілген қызмет бағыты бойынша жабдықты пайдалану эксплуатациясын техникалық сүйемелдеуді жүзеге асыру, оның сенімді, қауіпсіз, апатсыз және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге қатысу
- Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ТҚЖ) жоспарлауына қатысу, қажетті материалдарды дайындау, бекітілген жоспарлар мен кестелердің орындалуын мониторингтеу; өз құзырет шегінде ТҚЖ процестерінің тиімділік көрсеткіштерін талдау
- Кәсіпорынның техникалық саясаты талаптарын сақтау
- Жабдықтың техникалық жай-күйіне талдау жүргізу, сенімділікті арттыру, пайдалану тиімділігін көтеру және жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеу процестерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау
- Бекітілген қызмет бағыты бойынша жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін материалдық-техникалық ресурстарға қажеттілікті қалыптастыруға арналған ұсыныстарды дайындауға қатысу
- Бекітілген қызмет бағыты бойынша ТҚЖ бюджеті қалыптастыруға арналған материалдар мен ұсыныстарды дайындау, өз құзырет шегінде материалдық-техникалық ресурстарды пайдалану есебін жүргізу және талдау
Талаптар:
- Кәсіби білім – жоғары білім
- Білім бейіні – механикалық инженерия, мұнай-газ-химиядағы аспаптар мен жабдық, материалтану, техника және технологиялар, мұнай-газ ісі саласында
- Функционалдық бағыт бойынша жұмыс тәжірибесі немесе еңбек өтілі – талап қойылмайды
Шарттар:
- 2027 жылы жоспарланған қабылдау.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар
Ведущий инженер по промышленной безопасности
ЖШС «KMG PetroChem» | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
19.11.2026 | 565
Құрылыс ұйымдастыру қызметінің аға инженері
«Бутадиен» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
18.11.2026 | 1791
Құрылыс ұйымдастыру қызметінің инженері
«Бутадиен» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
18.11.2026 | 1985