Бас метролог қызметінің инженері
«Бутадиен» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Қосалқы мердігерден, лицензия берушілерден түсетін жобалық құжаттаманы қарау және талдау, оның ішінде жабдыққа арналған спецификациялар, сауалнама парақтары, монтаждық-технологиялық сызбалар, құрылымдық, функционалдық, принциптік, монтаждық сызбалар, басқару сызбалары, сигнализация, реттеу, қоректендіру, сыртқы сымдар. Тексеру қорытындылары бойынша қорытындылар дайындау
- Қосалқы мердігердің жобалық құжаттаманы беру кестесінің сақталуын, КИПиА және АСУТП бойынша құрылыс-монтаж және іске қосу-жөндеу (пуско-наладка) жұмыстарын орындауын бақылауды жүзеге асыру
- Өндірісті басқару жүйелерін енгізуді және олардың АСУТП жүйелерімен интеграциясын бақылауды жүзеге асыру
- КИПиА және АСУТП бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау мен сапасына, бекітілген объектілер бойынша, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және ҚР ережелерінің талаптарына сәйкес бақылауды жүргізу
- Жеткізілетін материалдар мен бұйымдарға паспорттарды, сертификаттарды және зертханалық сынақтарды тексеру
- Құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау жөніндегі жұмыс комиссияларының жұмысына қатысу, ескертулер тізімін дайындау, олардың жойылуын қадағалау
- Өз құзыреті шеңберінде жабдық жеткізушілерінің инспекцияларын жүргізуге қатысу
- КИПиА және АСУТП жабдықтарының сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету
- Бағдарламалық және техникалық құралдардың істен шығуы мен ақауларын есепке алу
- КИПиА және АСУТП жабдықтарын монтаждау, баптау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде мердігер ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру
- АСУТП серверлері мен жұмыс станцияларының профилактикасын жүргізу
- КИПиА және АСУТП құралдарының істен шығуын жою және олардың орын алуына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу
Талаптар:
- Кәсіби білім – жоғары білім
- Білім бейіні – мұнай-газ-химиядағы аспаптар мен жабдықтар саласында, материалтану, техника және технологиялар, мұнай-газ ісі, теледей және радиомеханика, АСУТП, ВТИПО
- Функционалдық бағыт бойынша тәжірибе немесе жұмыс өтілі – талаптар қойылмайды
Шарттар:
- 2027 жылы жоспарланған қабылдау.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр