Бас технология қызметінің аға инженері

«Бутадиен» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
412

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • EPC-шарт (EPC мердігері) бойынша бас мердігерден (генеральный подрядчик), технология лицензия берушілерден, жобалау, инжиниринг ұйымдарынан және жабдық жеткізушілерінен келіп түсетін жобалық, жұмыс және технологиялық құжаттаманы қарастыруға, техникалық сараптауға және келісуге қатысу, соның ішінде принципиалды технологиялық сызбалар (Process Flow Diagram, PFD), құбырлар мен бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика сызбалары (Piping and Instrumentation Diagram, P&ID), жабдыққа арналған сауалнама парақтары (Datasheets), жабдық тізімдері (Equipment Lists), материалдық және жылулық баланстар (Heat & Material Balance), энергия ресурстарының баланстары (Utility Balance), технологиялық процесті басқару философиясы (Control Philosophy), себеп-салдар байланыстары матрицалары (Cause & Effect), блоктаулар тізімдері (Interlock List) және авариялық дабыл философиясы (Alarm Philosophy), технологиялық бөлік бойынша құжаттамаға ескертпелер, ұсыныстар және қорытындылар дайындау, сондай-ақ анықталған ескертпелердің жойылуын бақылау
  • Технологиялық құжаттаманың жиынтық тізілімін жүргізу және өзектендіру (Master Technology Deliverables Register, MTDR), технологиялық құжаттаманы дайындау, қарастыру және келісу мерзімдерін бақылау, техникалық кеңестерге арналған материалдарды дайындау, құжаттаманың жай-күйі бойынша есептілікті жүргізу және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы Бас технологтың тапсырмаларының орындалуын бақылау
  • Техникалық сұраныстарды (Technical Query, TQ), техникалық ауытқуларды (Technical Deviation, TD), сәйкессіздіктер туралы есептерді (Non-Conformance Report, NCR) қарастыруға, технологиялық тәуекелдерді талдауға, соның ішінде қауіптіліктерді анықтауға (Hazard Identification, HAZID), қауіптіліктер мен жұмысқа қабілеттілікті талдауға (Hazard and Operability Study, HAZOP), қорғаныс деңгейлерін талдауға (Layer of Protection Analysis, LOPA), қауіпсіздік деңгейінің толықтығын талдауға (Safety Integrity Level, SIL), жұмыстарды бір мезгілде орындауды талдауға (Simultaneous Operations, SIMOPS), қауіпсіз пайдалануға дайындықты алдын ала тексеруге (Pre-Start-up Safety Review, PSSR), іске қосу және пайдалану құжаттамасын әзірлеуге, жабдық жеткізушілерінің зауыттық құжаттамасын қарастыруға, зауыттық қабылдау сынақтарының нәтижелерін қабылдауға (Factory Acceptance Test, FAT) және алаңдағы қабылдау сынақтарын қабылдауға (Site Acceptance Test, SAT), сондай-ақ жобадағы өзгерістер тізілімін жүргізуге (Design Change Register), инженерлік өзгерістер тізілімін (Engineering Change Register), ауытқулар тізілімін (Deviation Register) және өзгерістер журналын (Change Log) жүргізуге қатысу
  • Капиталдық шығындар бағыттары бойынша (Capital Expenditure, CAPEX) және операциялық шығындар бойынша (Operating Expenditure, OPEX) техникалық тапсырмаларды дайындауға және сатып алу қызметіне қатысу, жеткізу және қызмет көрсету шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, пайдалану құжаттамасын енгіземелдеуді сүйемелдеу, өзгерістерді басқару рәсімдеріне қатысу (Management of Change, MOC), пайдалану құжаттамасын өзектендіру, технологиялық құжаттаманың толықтығын бақылау және қолданыстағы өндірістегі технологиялық тәуекелдерді кезең-кезеңімен қайта бағалау
  • Товарищество басшылығы үшін аналитикалық материалдар, презентациялар, анықтамалар және есептер дайындау, Қызметтің негізгі тиімділік көрсеткіштерін (Key Performance Indicators, KPI) қалыптастыруға және мониторингілеуге қатысу, сондай-ақ Бас технологтың басшылығындағы Қызметтің ішкі рәсімдерін, регламенттерін, нұсқаулықтарын және әдістемелік құжаттарын әзірлеуге және өзектендіруге қатысу

Талаптар:

  • Кәсіби білім – жоғары білім
  • Білім бейіні – химиялық инженерия, мұнай өңдеу, полимерлер, материалтану, техника және технологиялар, мұнай-газ ісі саласында
  • Функционалдық бағыт бойынша тәжірибе немесе жұмыс өтілі – кемінде 2 (екі) жыл.

Шарттар:

  • 2027 жылы жоспарланған қабылдау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр