«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Павлодар филиалының Павлодар станциясындағы атқыштар командасы ауысым тобының аға күзетшісі
- Құрылған күні:
-
18.11.2026
- Берілген өтінім:
- 2
- Қаралған саны:
- 167
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Лауазымдық міндеттер:
Ауысым тобының аға күзетшісі 1) алдағы жұмыс көлемімен, қызметті ұйымдастыру және атқару жөніндегі келіп түскен нұсқаулармен және өкімдермен, разрядты жүктері, метанолы, автотракторлық техникасы, Мұнай құю жүктері, феррохромы және күзетуге жататын басқа да жүктері бар вагондардың станцияның қабылдау-жөнелту жолдарында болуымен және орналасуымен танысуға; 2) телетайп байланысы болған кезде келіп түскен жазбалар бойынша станцияға келетін жүктердің сипатын зерделеуге және оны қабылдау және күзету үшін қарауылдың жеке құрамын бөлуге; 3) қарауылдың жеке құрамына алдағы күзет қызметінің тәртібі мен ерекшеліктері туралы, сондай-ақ еңбекті қорғау талаптары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларының орындалуы туралы нұсқау беруге; 4) өз қарамағындағылардың денсаулық жағдайына ұдайы қамқорлық көрсетуге, қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың қауіпсіздік техникасы жөніндегі қағидалардың сақталуын қадағалауға міндетті; 5) қарауыл қызметін ұйымдастыру әдістерін жетілдіру, жеке құрам арасында тәртіпті нығайту бойынша жүйелі жұмыс істеуге, жұмыс уақытының ұтымды пайдаланылуын қадағалауға;Біліктілік талаптары:
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары кәсіптік, орта (техникалық және кәсіптік)
Саладағы мамандық:
Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар және вагон шаруашылығы); Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; (темір жол көлігі); Локомотив және Локомотив шаруашылығы; Құқықтану; Халықаралық құқық; Әскери іс және қауіпсіздік; Құқық қорғау қызметі; Құқықтану; Әскери басқару; Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару; Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі; Ақпараттық жүйелер; Байланыс, радиоэлектроника және телекоммуникациялар; Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Өрт қауіпсіздігі
Жұмыс тәжірибесі
темір жол көлігінде күзет қызметін ұйымдастыру жөніндегі қызметте (көмекші не күзетші)кемінде 1 жыл
Қосымша талаптар:
Қосымша талаптар:
Мамандандырылған оқу орталығында бастапқы даярлықтың арнайы курсын аяқтағаны туралы куәліктің болуы міндетті Қазақстан Республикасының азаматы 19 жастан кіші емес;
Соттылығы жоқ адам;
Психикалық, мінез-құлық бұзылыстары (аурулары) жоқ, оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты адам;
Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмайтын адам;
Күзетші жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл бұрын немесе осы лауазымда болған кезеңде баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылмаған адам 149, 434, 436, 438, 439, 440, 443, 450, 453, 462, 463, 464, 469, 470, 476, 477, 478, 479, 481, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 494, 495, 496, 504, 506, 653, 654, 658, 659, 665, 667, 669, 670, 673, 675 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар;
Мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен үш жылдан кем емес бұрын жұмыстан шығарылмаған адам
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж