2-санатты бухгалтер (жанар-жағармай материалдарының есебі), бухгалтерия, «Жамбыл» пайдалану локомотив депосы (ТЧЭ-31)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- SAP: HRP және ER3 жүйелерінде жалақы бойынша бастапқы құжаттарды, атап айтқанда демалысқа шығу туралы бұйрықтарды, еңбекке жарамсыздық парақтарын, әлеуметтік төлемдерді, атқарушылық құжаттарды, алименттерді күнделікті өңдеуді жүзеге асыру;
- Жалақы бойынша бұйрықтарды, ауыстыруларды, еңбек шартын бұзу, демалыс беру туралы бұйрықтарды, әлеуметтік төлемдер жөніндегі хаттамаларды қабылдау, төлемдердің дұрыс ресімделуін тексеру үшін бұйрықтарды ұжымдық шартпен салыстырып тексеру.
- Еңбекке жарамсыздық парақтарының дұрыс толтырылуын тексереді, күндер бойынша төлеуге арналған орташа жалақының таратылып жазылуын: есептеу сомасын, есептеу күндерін салыстырып тексереді, табельмен салыстырады, еңбекке жарамсыздық парағын есептейді және «SAP» бағдарламасына енгізеді;
- Уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарының тізілімін жасайды;
- Жұмыс істеген ай үшін барлық деректерді «SAP» бағдарламасына енгізген кезде, «SAP» бағдарламасында әрбір жұмыскер бойынша жалақыны есептеу мен ұстап қалуды, қорытындыларды қалыптастырады. Айлық жалақыны қалыптастыру аяқталғаннан кейін есеп айырысу парақтары бойынша жалақыны есептеуді салыстырып тексереді;
- Жалақы беруге арналған ведомостарды және жұмыскерлер мен зейнеткерлердің шоттарына аударуға арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.
- Бұйрыққа сәйкес жұмыста жоқ жұмыскерлердің міндеттерін атқаратын жұмыскерлерге есеп айырысу жүргізу және деректерді SAP бағдарламасына енгізу. Тұрақты қосымша ақыларды, үстемеақыларды салыстырып тексеру;
- Жалақы бойынша SAP бағдарламасында өңделген барлық келіп түскен бастапқы құжаттарды тиісті папкалар бойынша, сондай-ақ жұмыскерлердің есеп айырысу парақтарын олардың дербес шоттары бойынша бөліп, тігу;
- Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі есептерге — қаржыландыру бойынша 440-есепке дайындық, 902-түрді (ай ішіндегі жұмыскерлер бойынша есеп айырысу аралық сомаларды) салыстырып тексеру;
- SAP бағдарламасындағы жалақы бойынша 105-қорытынды ведомость схемаларын баланс бойынша 335001, 335002 шоттармен салыстырып тексеру.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары
- Мамандығы (саласы): Есеп және аудит; Қаржы
- Жұмыс өтілі: мамандығы бойынша кемінде 1 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр