"ҚТЖ" ҰК" АҚ "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясының энергодиспетчері (аға)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- сыртқы электрмен жабдықтау сұлбаларын, түйіспелік желінің қорек пен секциялау және СОБ құрылғыларын электрмен жабдықтау сұлбаларын өзгертуге байланысты ауысутырып қайта қосуды бұйрықтармен ресімдеу
- берілген бұйрықтардың сөзсіз орындалуын сақтау, оны қабылдаған тұлға сөзбе-сөз қайталауы тиіс
- поездар қозғалысымен байланысты электрмен жабдықтау құрылғыларын жөндеу және күтіп ұстау бойынша өтінімдер мен өкімдерді РЦУП-пен бірлесіп ресімдеу, оларды жедел журналға жазу
- дистанцияның басшылығы бекіткен оның қарауындағы сұлбалардың түйіспелік желісінің қорек пен секциялау, қосалқы станциялар, ВЛ және басқа да электрмен жабдықтау құрылғыларының сұлбаларына сәйкестігін бақылау
- электрмен жабдықтау құрылғыларының зақымдану көлеміне байланысты қалпына келтіру автомотрисаларын, дрезиналарды зақымдану орнына жібереді
- электрмен жабдықтау құрылғыларында жөндеу немесе қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін поез диспетчеріне поездарды өткізуге тыйым салуды алып тастау немесе жою туралы дереу хабарлама береді
- барлық жоспарлы жұмыстардың, сондай-ақ өтінімдер келіп түскен жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды. Өтінімде көрсетілген уақытта жұмыстың орындалуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, бригадалардың өнімсіз босқа тұрып қалуын болдырмау үшін бұл туралы жұмыс басшыларына уақытылы хабарлайды
- түйіспелік желідегі, ұзына бойғы электр беру желілеріндегі және сигнализация, орталықтандыру мен блоктауды электрмен жабдықтау желілеріндегі кернеу деңгейінің күрт төмендеуі туралы хабарлама алған кезде осы төмендеуді тудырған себептерді дереу белгілейді және электрмен жабдықтау құрылғыларының бірқалыпты жұмыс режимін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдайды
- Энергодиспетчерлік пункт бойынша жұмыстың тәуліктік ведомосін жүргізеді, сондай-ақ жедел журналда өтінімдерді, бұйрықтар мен хабарламаларды ресімдейді
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнына кейінгі) немесе
- Мамандығы: Темір жол көлігіндегі электроэнергетика, Электроэнергетика, Темір жол көлігінің электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, Электр стансаларды, қосалқы стансаларды және жүйелерді электрмен жабдықтау
- Жұмыс тәжірибесі: энергодиспетчер лауазымында 1 жылдан кем емес, немесе энергодиспетчер лауазымында 2 жылдан кем емес
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр