Психолог
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1. Деподағы лауазымдарға үміткер тұлғаларды кәсіби психофизиологиялық іріктеуге қатысты жұмыстарды жоспарлау және жүзеге асыру; локомотив бригадаларына тұрақты психофизиологиялық мониторинг пен тереңдетілген тексерулер жүргізу; сондай-ақ пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері жүктелген қызметкерлердің функционалдық жай-күйіне диагностика жасау және қажетті шараларды қолдану.2. Негізгі қызмет бағыттарын қамтитын құжаттаманы бекітілген құжаттар тізбесіне сәйкес бірыңғай пішімде жүргізу.Атқарылған жұмыстар туралы ай сайынғы есептерді (депо басшысының қолы қойылған күйде) келесі айдың 5-күніне дейін компанияның Локомотив пайдалану департаментіне ұсыну. Локомотив бригадаларын тағайындауды тіркейтін журналдардың жүргізілуін қадағалау.
Міндеттерін орындау барысында қауіпсіз әрі тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында, локомотив бригадасы мүшелерінің психологиялық үйлесімділігіне психодиагностикалық бағалау жүргізу.
3 Персоналдың психофизиологиялық және жеке тұлғалық ерекшеліктерін бағалау нәтижелеріне сүйене отырып, психологиялық үйлесімділік қағидаттары негізінде локомотив бригадаларының құрамы бойынша ұсынымдар әзірлеу; бригадалық топтарды (колонналарды) қалыптастыруға қатысу. Локомотив бригадасы мүшелерінің кәсіби жарамдылығына қатысты психологиялық бағалау есебін депоның кадр бөліміне ұсыну; кадр бөлімі аталған құжаттың сақталуын және қызметкерлердің жеке істеріне енгізілуін қамтамасыз етеді.
- ТЧЭ, ТД және ТЧЭП-дағы жұмыс ұжымдарындағы микроклиматты қалыпқа келтіру мақсатында әлеуметтік-психологиялық қақтығыстардың себептерін анықтауға бағытталған іс-шараларды жүргізу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар