L2 аналитик, Аналитикалық бөлім

ТОО QazCloud Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
96

   Конкурс туралы

Міндеттері:

• SIEM жүйесіндегі
әртүрлі көздерден келетін ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу және талдау;
• Типтік және типтік емес ИҚ инциденттерін тергеу, ИҚ инциденттері бойынша
тапсырыс берушілерге ұсыныстар дайындау;
• ИҚ инциденттеріне ден қою мәселелері бойынша клиенттермен өзара әрекеттесу;
• Ақпарат жинау утилиттері арқылы
көздерден жиналған артефакттерді талдау;
• Жалған дабылдарды (False Positive) талдау және сүзу;
• ИҚ инциденттерін анықтау үшін корреляция сценарийлері/ережелерін жасау және
түзету;
• Корреляция ережелерін әзірлеуге қатысу;
• Маңызды ИҚ инциденттері бойынша құжаттаманы (есептілікті) жүргізу;
• ИҚ инциденттеріне ден қою жоспарларын әзірлеу (playbook-тар);
• Клиенттердің сұранысы бойынша кезеңдік жүктемелерді жасау / сценарийлерді
жүктеме форматына аудару;
• ИҚ инциденттерін анықтауға арналған корреляция сценарийлері/ережелерін
жасау және түзету;
• Өз жауапкершілік аймағы шеңберінде клиентті мониторинг және ИҚ инциденттерін талдау қызметіне қосылуын сүйемелдеу;
• Клиентті мониторингке қосу мәселелері бойынша SIEM-инженерлермен және сервис-менеджерлермен өзара әрекеттесу;
• Клиент қосылған кезеңде профилинг жүргізу, клиентті мониторингке арналған L1 жұмысына тапсыру;
• Клиенттің «ерекшеліктері» бойынша білім базасын өзекті күйде қолдау;
• SIEM жүйесіндегі клиенттің желілік моделін өзекті күйде қолдау;
• Жауапты тұлғалардың сұранысы бойынша клиент бойынша аналитикалық есептілікті дайындауға қатысу.

Талаптар:

• Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімнің болуы;
• Ақпараттық технологиялар саласында кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі;
• Жұмыс тәжірибесі – кемінде 1 жыл ұқсас лауазымда;
• Аномалияларды анықтау және инциденттерге ден қою тұжырымдамасын білу;
• SIEM класы жүйелерінің жұмыс істеу қағидаттарын түсіну;
• SIEM класы жүйелерінде іздеу сұрауларын құру дағдыларының болуы;
• ИҚ метрикасын білу, сондай-ақ аудит жүргізу әдістерін білу;
• Ақпарат қауіпсіздігі қатерлерін анықтау және бұзушылықтарды жіктеу
(санаттары);
• ISO/IEC 27001, ISO/IEC 27017 халықаралық стандартының ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесін білу;
• Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сертификаттар құпталады;
• Инциденттерді мониторингтеу және оларға ден қоюға арналған мамандандырылған бағдарламалық құралдарды білу құпталады;
• ИҚ тергеуін жүргізу тәжірибесі. Инциденттердің типтік сценарийлерін түсіну және оларды тергеу мен ден қоюдың рәсімдері мен әдістемелерін білу;
Тілдерді білу:
Қазақ, Орыс, Ағылшын тілдері B2 және одан жоғары деңгейде.
Жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл.
Аудит қағидаттарын білу және Windows және Unix/Linux-тың әртүрлі дистрибутивтерін қоса алғанда, әртүрлі операциялық
жүйелермен жұмыс тәжірибесі;
Қазіргі заманғы корпоративтік
ақпараттық жүйелер архитектурасының негіздерін білу және түсіну;
Ақпарат қауіпсіздігі қатерлерін анықтау және бұзушылықтарды жіктеу (санаттары);
Syslog, CEF, JSON, nxlog, fluentd, logstash сияқты логтарды жинау және
талдау үшін әртүрлі протоколдар, форматтар және бағдарламалық қамтамасыз ету;
Және кемінде бір SIEM жүйесімен жұмыс тәжірибесі болуы (QRadar,
Splunk, MaxPatrol, Elastic және т.б.);
Query Language (AQL, SQL, Splunk SPL, Elasticsearch Query DSL және т. б.)
пайдалана отырып, SIEM класы жүйелерінде күрделі іздеу сұрауларын құрудың озық дағдыларына ие болу;
bash, python және powershell сияқты скрипттік
тілдерді пайдаланып, күнделікті операциялар мен деректер талдауын жеңілдету және жылдамдату үшін тапсырмаларды автоматтандыру дағдыларына ие болу.

Шарттар:

Жұмыс кестесі 09:00 - 18:30 сағ.
Медициналық сақтандыру
Жеткізу (тасымал)

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр