«Жолаушылар тасымалы» АҚ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау тобының жетекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Топ қызметіне басшылық жасайды, оның жұмысын ұйымдастырады, топ қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді табысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды;
- Топтың жұмыс жоспарын әзірлеуді, түзетуді, бақылауды және іске асыруды қамтамасыз етеді;
- тәуекелдерді корпоративтік басқару процестерінің басқа бизнес-процестерге интеграциялануын, сондай-ақ Қоғамда тәуекел-менеджмент мәдениетінің дамуын қамтамасыз етеді;
- Қоғамда тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, қызметтің үздіксіздігі процестерін жүзеге асыру кезінде әдіснамалық қолдау көрсетеді;
- Қоғамдағы тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау процестерін үйлестіреді;
- Қоғамның негізгі тәуекелдеріне төзімділік деңгейлерінің негізгі тәуекел көрсеткіштерін белгілеу бойынша жұмыс жүргізеді;
- тәуекелдер тізіліміне, тәуекелдер картасына, түйінді тәуекел көрсеткіштеріне, Қоғамның тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарына талдау жүргізеді;
- Қоғамның Басқармасын және Қоғамның Директорлар кеңесін тәуекелдерді корпоративтік басқару процестеріндегі елеулі ауытқулар туралы хабардар етеді;
- Қоғамның МДҰ Директорлар кеңестерінің (байқаушы кеңестерінің) қарауына шығарылатын тәуекелдер бойынша шоғырландырылған есептерді келіседі.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары, тиісті лауазым бейіні бойынша магистр дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше).
- Мамандығы: Экономика; Менеджмент; Қаржы; Мемлекеттік және жергілікті басқару; Есеп және аудит; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; және/немесе темір жол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы