"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері (19 грейд)

Жалақы көрсетілмеген
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
126

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • дирекция мен филиалдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, электр және экологиялық қауіпсіздік жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және ішкі бақылауды жүзеге асырады;
  • ОЗ және ОБТ, өнеркәсіптік, электр және экологиялық қауіпсіздік іс-шараларының жоспарларын әзірлеуге қатысады;
  • жол берілген жазатайым оқиғалар мен экологиялық оқиғаларды тергеп-тексеру қорытындылары бойынша даулар туындаған жағдайларда дирекция мен филиалдардағы өндірістегі оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібінің және экологиялық қауіпсіздік бойынша, сотқа дейінгі талқылаулардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
  • филиалдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйін талдау (оның ішінде өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулардың себептерін зерделеу), өнеркәсіптік, электр және экологиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ Дирекция бойынша жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін талдауды ұйымдастырады;
  • қауіптерді сәйкестендіруді, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • Дирекция басшылығында кеңестер өткізу үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, электр және экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпаратты ұйымдастырады және дайындайды, хаттамалық шешім шығарады (қажет болған жағдайда бұйрықтар). Дирекцияның және филиалдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, электр және экологиялық қауіпсіздік бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және оны жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мерзімді тыңдауларына қатысады;
  • еңбек қауіпсіздігі және экология саласындағы негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, еңбек қауіпсіздігі және экология саласындағы қызмет нәтижелілігінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы филиалдардың есептеріне талдау жүргізеді;
  • Дирекция басшылығының ҚТК әзірлеуге қатысады және Департамент құзыреті шеңберінде есептілікті қалыптастырады;
  • белгіленген нысандарға сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, электр және экологиялық қауіпсіздік дирекциясы бойынша жиынтық есептілікті жасау жұмыстарын ұйымдастырады;
  • Дирекция бойынша еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын қалыптастыру және бекіту, олардың орындалуын бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
  • еңбек қызметіне байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы (7-ТПЗ), зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны туралы (1-т еңбек жағдайлары) және Дирекция бойынша қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар туралы (4-ТС) мемлекеттік органға статистикалық есептерді тапсыруды қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар); инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы;
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы