"Қазпочта" АҚ Бюджеттеу және қаржылық талдау департаменті бас менеджері (декреттік орын)
«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
-
1. Жоспарлау әдістемесі мен кестесін әзірлеу
а) жоспарлау әдістемесін әзірлеу/оған өзгерістер енгізу/бекіту жұмыстарын жүзеге асыру.
2. Кірістер мен шығыстар бюджетін (бұдан әрі – КШБ) қалыптастыру шеңберінде
а) филиалдардың/орталық аппараттың кірістері мен шығыстары жоспарын қалыптастыру, тексеру және талдау;
б) Қоғамның Кірістер мен шығыстар жоспарын Қоғамның Бюджет комитетінде қарау үшін талдамалық жазбаны/презентациялық материалдарды дайындау.
3. Мониторинг, бақылау және жоспар-факт талдауы шеңберінде
3.1. Жоспар-факт талдауы
а) бекітілген нысаналы көрсеткіштерге қатысты жоспарлардың орындалуын бақылау мақсатында басқарушылық есептілікті ай сайынғы және апта сайынғы негізде бақылау және дайындау;
б) КШБ орындалуына жоспар-факт, жоспар-болжам, факт-факт, факторлық талдау және т.б. түрлерінде жоспар-факт талдауын жүргізу;
в) функционалдық міндеттер шегінде сұраныстарға қарай басшылыққа, Директорлар кеңесіне, жоғары тұрған ұйымдарға, Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне, мемлекеттік органдарға есептер мен талдамалық ақпарат, презентациялық материалдар дайындау;
г) «Самұрық-Қазына» АҚ-ның SAP BPC (MMR) басқарушылық есептілігіне Қоғамның КШБ бөлігі бойынша ай сайынғы нақты деректерді дайындау және енгізу.
3.2. Үздіксіз мониторинг және бақылау
а) шығындар орталықтарының шығыстары бойынша жедел есептілікті қалыптастыру;
б) есепке алу жүйесінде шығындарды жатқызуды тексеру және бақылау;
в) ауытқуларды талдау, қателерді жүйелеу және ұсынымдар дайындау.
4. КШБ-ны түзету шеңберінде
а) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің кірістер мен шығыстар бюджетін түзету жөніндегі бастамаларына сараптама жүргізу, олардың ағымдағы және күтілетін тиімділігін, сондай-ақ Қоғамның қаржылық нәтижелеріне әсерін талдау;
б) Бюджет комитетімен келісу және мақұлдау;
в) түзетулерді Басқармада бекіту.
5. Шығыстарды келісу шеңберінде
а) Департамент ЦҚО ретінде жетекшілік ететін шығыстар баптарын келісу және бақылау.
6. Қоғамның филиалдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде
а) қажеттілігіне қарай филиалдардың қызметін талдау бойынша ақпарат/қорытынды ұсыну;
б) жоспарлау, бюджетті талдау және т.б. мәселелер бойынша филиалдардың проблемалық мәселелері мен өтініштерін шешуде филиалдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
в) проблемалық мәселелерді уақтылы қарауды жүзеге асыру;
г) филиалдарда туындайтын проблемалық мәселелердің себептерін талдау, тиісті нормативтік құжаттарға сілтеме жасай отырып, негізделген шешу жолдары бойынша ұсыныстар әзірлеу.
7. Қоғамның Бизнес-жоспарын қалыптастыру шеңберінде
Қоғамның Бизнес-жоспарын қалыптастыруға қажетті бастапқы деректерді жинауды, шоғырландыруды және талдауды ұйымдастырады;
Қоғамның Бизнес-жоспарына енгізілетін құрылымдық бөлімшелер мен филиалдардың ұсыныстарын қарайды және талдайды;
Қоғамның Бизнес-жоспарын қалыптастырудың әдістемелік тәсілдерін әзірлеуге қатысады;
Қоғамның орта мерзімді Бизнес-жоспарының жобасын қалыптастырады және оған қажетті есептік материалдар мен негіздемелерді дайындайды;
Бизнес-жоспардың негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін қалыптастырады және өзектендіреді;
Бизнес-жоспар көрсеткіштерінің Қоғамның кірістер мен шығыстар бюджетімен және капитал салымдары бюджетіндегі көрсеткіштерімен өзара байланысын қамтамасыз етеді;
Қоғамның Бизнес-жоспары құрамындағы орта мерзімді капитал салымдары жоспарын қалыптастыруға қатысады;
Бизнес-жоспарды Қоғамның уәкілетті органдарының қарауына, келісуіне және бекітуіне қажетті материалдарды дайындайды;
Бизнес-жоспарды «Самұрық-Қазына» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерімен келісу рәсімдерін өз құзыреті шегінде сүйемелдейді;
Бизнес-жоспарды қалыптастыру мәселелері бойынша есептеулерді, негіздемелерді, түсіндірме және презентациялық материалдарды дайындайды;
бекітілген Бизнес-жоспар көрсеткіштерінің Қоғамның ақпараттық жүйелеріне енгізілуін қамтамасыз етеді.
8. Бизнес-жоспардың іске асырылуын мониторингтеу шеңберінде
Бизнес-жоспардың іске асырылу барысы туралы нақты деректерді жинауды және шоғырландыруды жүзеге асырады;
Бизнес-жоспардың негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізілуін мониторингтейді;
Бизнес-жоспардың іске асырылуы бойынша тоқсандық және жылдық есептілікті дайындайды;
Қоғам қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштеріне жоспар-факт талдауын жүргізеді;
нақты көрсеткіштердің Бизнес-жоспардың бекітілген параметрлерінен ауытқу себептерін талдайды;
Бизнес-жоспардың іске асырылу мониторингінің нәтижелері бойынша талдамалық жазбалар мен материалдар дайындайды;
Бизнес-жоспарды өзектендіру және түзету бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Бизнес-жоспардың іске асырылуы және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелерін Қоғам басшылығының қарауына қажетті материалдарды дайындайды.
9. Қоғамның бизнес-процестерін автоматтандыру шеңберінде
а) кірістер мен шығыстарды бюджеттеу процесінің жекелеген учаскелерін Hyperion Planning, SAP ERP және т.б. ақпараттық жүйелерінде автоматтандыруға қатысу.
10. Бизнес-процестердің иесі ретінде төмендегі жұмыстар жүзеге асырылады
Қоғам қызметінің жетекшілік ететін бағытын реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және өзектендіру, оларды Қоғам Басқармасының/Директорлар кеңесінің қарауына ұсыну, бекітілген құжаттарды Қоғамның ішкі корпоративтік порталында орналастыру;
тәуекелдерді сәйкестендіруге, бағалауға және тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі іс-шараларды сипаттауға қатысу;
мемлекеттік органдарда Қоғамның жобалары мен бастамаларын іске асыруға теріс әсер ететін фактілерді анықтауға қатысу;
автоматтандыру және өзге де жобаларға қатысу;
оқыту іс-шараларын әзірлеуге қатысу;
Қоғамда ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдар мен үшінші тұлғалардың сұрау салуларына жауаптар ұсыну;
заңнамада және ішкі нормативтік құжаттарда белгіленген есептілікті ұсыну;
ішкі және сыртқы коммуникациялар үшін ақпарат ұсыну;
Департаменттің функционалдық міндеттері шеңберінде филиалдармен өзара іс-қимыл жасау;
корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарлары мен бағдарламалары шеңберіндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
жетекшілік ететін қызмет бағыттары шеңберінде Қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
Департаменттің құзыретіне жататын бизнес-процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
бөлімшенің қызмет бағыттары бойынша Қоғамның бағдарламалары мен жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
Қоғам орталық аппараты басшылығының хаттамалық тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
бюджеттік және орта мерзімді жоспарлау рәсімдеріне қатысу;
Департамент жетекшілік ететін шығыстар баптары бойынша бюджетті жоспарлау;
бекітілген істер номенклатурасына сәйкес Департамент құжаттарын тіркеу, жүргізу және сақтау;
барлық қажетті ішкі және сыртқы есептілік нысандарын қалыптастыруды және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;
Алаяқтыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қағидаттарының сақталуын, сондай-ақ алаяқтық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілерінің алдын алуға және анықтауға бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
Департамент жетекшілік ететін бағыттар шеңберінде әдістемелік материалдар мен ұсынымдық хаттарды жіберу, практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
Қоғамның стратегиялық даму жоспарларын әзірлеуге және Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтары мен комиссиялардың жұмысына қатысу;
есептіліктің бекітілген үлгілерінің сақталуын қамтамасыз ету, Қоғам Басқармасының/Директорлар кеңесінің қарауына толық, дұрыс және сапалы ақпарат ұсыну;
Департамент бизнес-процестерінің иесі/қатысушысы болып табылатын процестер бойынша тәуекелдерді уақтылы сәйкестендіруді және бағалауды, сондай-ақ ішкі және сыртқы нарық конъюнктурасының, форс-мажорлық жағдайлардың өзгерістерін ерте анықтау және уақтылы ден қою жүйесін енгізуге қатысуды қамтамасыз ету;
Департамент иесі болып табылатын тәуекелдер бойынша негізгі тәуекелдік көрсеткіштерді әзірлеу;
Департамент басқаруға қатысатын тәуекелдер бойынша негізгі тәуекелдік көрсеткіштерді әзірлеуге қатысу;
Департамент процестерінің иесі/қатысушысы болып табылатын тәуекелдер бойынша негізгі тәуекелдік көрсеткіштердің мәндеріне тұрақты мониторинг жүргізу;
Департамент иесі болып табылатын процестерде қалыптастырылатын/айналымда болатын негізгі тәуекелдік көрсеткіштердің мәндері туралы ақпаратты басшылыққа тұрақты түрде ұсыну;
Департамент иесі болып табылатын тәуекелдерді барынша азайту/басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастыруға жауапты бөлімшеге толық және дұрыс ақпаратты уақтылы жеткізу:
а) анықталған барлық тәуекелдер бойынша;
б) анықталған әрбір тәуекел бойынша барлық негізгі тәуекелдік көрсеткіштер және олардың ағымдағы мәндері бойынша
в) Қоғам қызметіне сыни және елеулі әсер ететін, Департамент иесі болып табылатын тәуекелдерді барынша азайту/басқару жөніндегі іс-шаралардың орындалу мәртебесі бойынша;
Қоғамның ішкі және сыртқы интернет-ресурстарын қызметкерлерге, реттеуші органдарға, бөгде ұйымдарға және клиенттерге жеткізу мақсатында Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратпен толықтыруды қамтамасыз ету;
жаңа бағдарламалық өнімдерді, технологиялық процестерді тестілеуге, енгізуге және сүйемелдеуге қатысу;
оқыту семинарларын – тренингтерді, практикалық семинарларды, конкурстарды өткізуге қатысу, оқыту бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
өндірістік объектілерге «Қазпошта» АҚ-ның бұйрықтарын, өкімдерін, нормативтік құжаттарын, ақпараттық хаттарын жеткізу;
қауіпсіздік техникасы мен санитария қағидаларын сақтау. Өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қызметтік міндеттерін орындау кезінде жұмыскерлердің қауіпсіздігін, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыскерлердің еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысу;
Қоғам басшылығының Департамент құзыреті шегіндегі өзге де функциялары мен тапсырмаларын орындау.
Талаптар:
- Бейіні бойынша жоғары білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе аудит, және/немесе математика және / немесе статистика.
- Экономикалық жоспарлау және/немесе инвестициялық жоспарлау және/немесе корпоративтік қаржы және/немесе бухгалтерлік және салықтық есеп, және/немесе экономикалық сараптама және талдау және/немесе тәуекелдерді басқару саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы тиіс
Шарттары:
- Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін
-
Астана
Декреттік орын