Арыс станциясының ГАЦ құрылғыларын қызмет көрсету электромонтёры - Арыс сигнализация және байланыс дистанциясы, Шымкент магистральдық желі бөлімі

280 000 - 308 000
Арысская дистанция сигнализации и связи Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
47

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

*еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, электр қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелерін сақтау, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету ережелерін сақтау, 
*берілген учаскедегі СЦБ құрылғыларының техникалық қызметін техникалық нормаларға сәйкес қамтамасыз ету, 
*технологиялық процестің кестелік тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету, 
*қателіктерді болдырмау, ақауларды алдын алу және жою, құрылғыларды қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізу, 
*қателіктер мен ақаулардың қайталануына жол бермеу шараларын қабылдау, 
*СЦБ жабдықтары мен басқа негізгі құралдарды техникалық тұрғыдан дұрыс пайдалану, 
*құралдарды, материалдарды, қорғаныс құралдары мен арнайы киімді ұқыпты және тиімді пайдалану.

Біліктілік талаптары:

*Білім: орта (техникалық және кәсіптік)
*Сала бойынша мамандық: Автоматтандыру және басқару; Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Автоматика, телемеханика және теміржол қатынасында байланыс, Радиобайланыс және радиохабар тарату, Ақпараттық технология, Есептеу техникасы, Көпканалды электрондық байланыс; Байланыс желілері және коммуникациялық жүйелер;
*Жұмыс тәжірибесі: тәжірибеге қойылатын талаптарсыз

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж