ӘШҚ тобының маманы

«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
79

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

- «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-ға келетін делегация мүшелеріне, шақырылатын тұлғаларға ақпаратты уақтылы дайындау және визалық қолдауды ресімдеу. - Делегациялардың келу бағдарламасын орындау және ілеспе құжаттарды ресімдеу. - «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-да делегациялар мен жекелеген ресми тұлғалар үшін қабылдаулар дайындау. - - Делегациялар мен ресми тұлғалардың қатысуымен іс-шараларды дайындау және өткізу кезінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру. - «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС автокөліктерінің жұмысын үйлестіру. - Тасымалдауды жүзеге асыру барысында жүргізушілер мен бөлімшелердің тұрақты байланысын қамтамасыз ету, автокөлік қозғалысы кестелерінің дұрыстығын бақылау және жоспардан тыс сұраныстарға жедел ден қою. - Көліктік қамтамасыз ету, әуежайларда, билеттерді сатып алу, қонақүйлерді брондау, тамақтандыруды ұйымдастыру, мәдени бағдарлама, кәдесый өнімдері, бағдарламада көзделген делегациялар мен жекелеген ресми тұлғаларды қабылдау кезінде іс-шаралар, банкеттер, бос уақыт және ойын-сауық өткізу үшін залдарды жалға алу мәселелері бойынша үшінші тарап ұйымдарымен және компанияларымен өзара іс-қимыл жасау. - Келіссөздер залын (конференц-зал) және делегациялар мен жекелеген ресми тұлғалардың қатысуымен іс-шараларды өткізудің өзге де орындарын дайындау. - Тасымалдауды жүзеге асыру барысында жүргізушілер мен бөлімшелердің тұрақты байланысын қамтамасыз ету, автокөлік қозғалысы кестелерінің дұрыстығын бақылау және жоспардан тыс сұраныстарға жедел ден қою. - «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС автокөліктерінің жұмысын үйлестіру. - Кәсіпорын бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен үй-жайларға шаруашылық қызмет көрсетуді және өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес олардың тиісті жағдайын, сондай-ақ жабдықтардың (лифтілердің, жарықтандырудың, жылыту, желдету жүйелерінің және өртке қарсы құрал-жабдықтардың және т.б.) жарамдылығын бақылауды қамтамасыз ету. - Үй-жайларды ағымдағы және күрделі жөндеуді жоспарлауға, шаруашылық шығындар сметасын дайындауға қатысу. - Үй-жайларға жөндеу жүргізуді ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру. - Кәсіпорын бөлімшелерін жиһазбен, шаруашылық құрал-саймандармен қамтамасыз етеді, олардың сақталуын және уақтылы жөнделуін бақылау. - Шаруашылық мақсаттарға бөлінетін материалдар мен құралдардың ұтымды жұмсалуын бақылау. - «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС шақыруымен делегация құрамында келетін шетелдік азаматтардың келуі/кетуі туралы мемлекеттік органдарды уақтылы хабардар ету, сондай-ақ шетелдік делегация мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімдерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын уақтылы кесіп өтуін бақылауды жүзеге асыру. - Бағыттар мен трассалар бойынша көлік бірліктерін қайта бөлуді жүзеге асыру. - Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-да белгіленген тәртіппен персоналды оқытуды жүзеге асыру. - Жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін орындайды, өзінің тікелей басшысының нұсқаулары мен қызметтік тапсырмаларын орындау. - «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС қызметкерлері үшін еңбек тәртібі ережелерін сақтау. - Құпиялылық режимі, өткізу және объектіішілік режим, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтау, ақпараттық қауіпсіздік, еңбек және өндірістік тәртіп талаптарын сақтау. - Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өндіріс мәдениеті талаптарын сақтау. - Қызметтік міндеттерін орындау кезінде пайдаланылатын «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету. - Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптарды сақтау.

Білім:

Кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық/техникалық/гуманитарлық) / Орта техникалық және кәсіптік.

Дағдылар:

Пайдаланушы деңгейінде ЖК және басқа да ұйымдастыру құралдарын меңгеру; Іскерлік жазу және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.

Қосымша:

Жұмыс және демалыс режімі: - қалыпты еңбек жағдайларында аптасына 40 (қырық) сағаттан аспайтын 8.00-ден 17.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Еңбек жағдайларының сипаттамасы: қалыпты еңбек жағдайы;

Білетін тілдер:

-