Лауазымдық жауапкершілік:
Негізгі функцияларын жүзеге асыру үшін 4-ші разрядты жалпы техникалық қызмет көрсету бөлімінің слесарь-сантехнигі келесі лауазымдық міндеттер жүктеледі:
• Сумен жабдықтау және тұрмыстық кәріз жүйелерінің сорғы жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
• Тұрмыстық, тоңазытқыш және климаттық жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
• Бекітілген кестеге сәйкес жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді орындау;
• Ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы және күрделі жөндеуді орындау.
• Шаруашылық және техникалық су беру желілерін, жылумен жабдықтау жүйелерін, кәріз жүйелерін монтаждау;
• Тұрғын және өндірістік үй жайлардағы жылыту жүйелерінің құбырларын жөндеу және қызмет көрсету;
• Сумен жабдықтау, тұрмыстық кәріз және жылыту жүйелеріндегі бекіту арматурасын жөндеу және қызмет көрсету;
• Серіктестіктің ағынды-сорғылы желдету жүйелерінің ауа өткізгіштерін жөндеу және қызмет көрсету;
• Тұрмыстық кәріз жүйелерін жөндеу және тазалау;
• Жалпы техникалық қызмет көрсету бөліміне бекітілген аумақтарды тиісті тәртіпте ұстау және таза ұстау;
• Өрт сөндіру үшін су беру құбырларының тұтастығын және жұмысқа дайындығын бақылау;
• Құбыр тораптарын дайындау және дәнекерлеу, полипропилен (РР), поливинилхлорид (PVC), металлопластика және полиэтилен (PE) материалдарынан, болат құбыржолдарынан жасалған құбырларды монтаждау;
• Тұрмыстық, тоңазытқыш және климаттық жабдықтарды орнату;
• Ауаны баптау жүйелерін жөндеу;
• Орталық жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, суағарлар, жылумен жабдықтау, желдету, ауаны баптау және сол сияқты жабдықтардың құбырлары мен жабдықтарын жұмысқа қабілетті күйінде ұстау;
• Серіктестіктің ғимараттары мен құрылыстарын тиісті түрде ұстау, сондай-ақ пайдалану мерзімін ұзарту;
• Қызмет көрсетілетін ғимараттарда, құрылыстарда, жабдықтар мен механизмдерде маусымдық дайындық жүргізеді.
• Қызмет көрсетілетін ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтар мен механизмдердің техникалық жай-күйіне мерзімді тексеру жүргізеді;Білім:
Орта арнайы білімДағдылар:
• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері;
• Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар;
• Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері;
• Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері;
• Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары;
• Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары;
• Санитарлық-техникалық материалдар мен жабдықтардың түрлері мен қолданылу мақсаты;
• Құбырлардың, фитингтердің және арматураның диаметрлерін өлшеу түрлері мен әдістері;
• Қол құралдарын қолданудың мақсаты мен ережелері;
• Орталық жылытудың, сумен жабдықтаудың, кәріздің және дренаждардың санитарлық-техникалық құбыр жүйелерін жөндеу принципі, мақсаты мен ерекшеліктері;
• Санитарлық-техникалық жүйелердің негізгі бөлшектерінің түрлері, құбырларды қосу және құбырларды бекіту;
• Бұрғылау және тесу әдістері;
• Жабдықтарды, құбырларды, ғимараттар мен құрылыстарды жоспарлы-алдын ала жөндеудің негізгі ережелері
• Ғимараттар мен құрылыстардың анықталған ақауларын жою тәсілдері;
• Қолданылатын интрументтер мен жабдықтардың құрылымы, мақсаты және қолдану ережелері;
• Әмбебап және арнайы құрылғылардың дизайныҚосымша:
• Сорғы жабдықтарының, сантехника негіздерінің құрылысы және жұмысы, слесарлық іс, механикалық және электрлік құралдармен жұмыс жасауБілетін тілдер:
• Орыс тілін білу (ауызша және жазбаша) –бастапқы деңгей;
• Қазақ тілін білу (ауызша және жазбаша) – міндетті;