"ҚТЖ "ҰК" АҚ- "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалы Бухгалтерлік есеп департаментінің қаржылық операцияларды есепке алу бойынша функционалдық бағытының менеджері (15 грейд)

от 482 846
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
14

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • SAP RWP бағдарламасында банк операциялары бойынша ақша қаражатының қозғалысын есепке алуды жүзеге асырады;
  • Банктегі ағымдағы шоттардағы қалдықтар бойынша, 3 айға дейінгі депозиттер бойынша сыйақыларды есептейді;
  • Банктегі ағымдағы шоттардағы қалдықтар бойынша, 3 айға дейінгі депозиттер бойынша сыйақылардан төлем көзінен КТС (корпоративтік табыс салығын) есептейді;
  • Бөгде ұйымдардан төлемдер мен түсімдерді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарына беру бойынша өзара есеп айырысуларды жүзеге асырады;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарымен, құрылымдық бөлімшелерімен және еншілес ұйымдарымен ақша қаражатының қозғалысы бойынша айналымдарды салыстырып тексереді;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарымен, құрылымдық бөлімшелерімен және еншілес ұйымдарымен ақша қаражаты бойынша салыстырып тексеру актісіне қол қояды;
  • «Мерзімі 3 айға дейінгі қысқа мерзімді инвестициялар бойынша қозғалыс» таратып жазуларын жасайды;
  • «Ақша қаражатын салыстырып тексеру» - №3 әзірлеме кестесі ведомствоішілік қаржылық есептілік нысандарын ұсынады, SAP PBW жүйесінің деректерімен салыстырып тексереді;
  • ПФО-13 «Ұйымның банк шоттары бойынша теңгедегі ақша қозғалысы туралы есеп» ведомствоішілік қаржылық есептілік нысандарын ұсынады, SAP PBW жүйесінің деректерімен салыстырып тексереді;
  • Баланс жолдарына таратып жазуларды қалыптастырады және ұсынады, сондай-ақ SAP PBW жүйесінен жүктелетін нысанмен («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ есептілік пакетінің 17-қосымшасы) салыстырып тексереді, қажет болған жағдайда деректерді түзетеді;
  • Ақша қаражатының құнсыздануы бойынша резервті есептеу үшін банк шоттары бойынша ақша қаражатының таратып жазуларын ұсынады;
  • Бекітілген номенклатураға сәйкес құжаттарды істерге қалыптастырады, кейіннен цифрландыру және сақтау үшін мемлекеттік архивке тапсырады;
  • Қаржылық операцияларды есепке алу бөлігінде бухгалтерлік есепте операцияларды көрсету мәселелері бойынша Компанияның, Компания филиалдары мен еншілес ұйымдарының, сондай-ақ мемлекеттік, уәкілетті органдардың сұрау салулары бойынша жауаптар дайындайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе ЖОО кейінгі).
  • Саладағы мамандығы: Бухгалтерлік есеп және аудит, Қаржы, Экономика.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр