«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС Жаңа Есіл пайдалану локомотив депосының ТЧЭ-9 депосы бастығының орынбасары (өндіріс бойынша) - «Ақмола»

от 634 051
ТЧЭ-9 ЖАНА-ЕСИЛЬСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 2 группы Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
16

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Жоспарлау процестерін ұйымдастырады, орындалуын бақылайды, деректерді тексереді және оларды белгіленген мерзімдерге сәйкес талдау үшін ұсынады;
  • талаптардың сақталуын бақылайды;
  • жұмысты басқарады, ұйымдастырады және тиісті ережелер бойынша жауапты болады;
  • локомотив бригадаларының қызметтік міндеттерін орындау сапасын, жұмыс технологиясының орындалуының ҚР НҚА және нормативтік-техникалық құжаттама (бұдан әрі - НТҚ) талаптарына, локомотивтерді пайдалану және күтіп ұстау қағидаларына сәйкестігін тексеру үшін желіге (локомотивтерге) шығуды жүргізеді;
  • локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттерінің (бұдан әрі - ТҚКП), локомотив бригадаларының демалыс үйлерінің (бұдан әрі - ЛБДҮ) және құм кептіру шаруашылығының (бұдан әрі - ҚКШ) жұмысын ұйымдастырады;
  • шаруашылықты қысқы жағдайларда жұмысқа дайындау, қыстан шығу, су тасқынына қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ белгіленген тәртіппен көрсетілген іс-шараларды орындау мақсатында локомотивтік тартыммен жұмыстарды қамтамасыз етеді;
  • депоның негізгі құралдары мен тауар-материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етеді. Негізгі құралдардың қызмет ету мерзімін ұзарту бойынша барлық тиісті құжаттардың ресімделуін бақылайды;
  • тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша деректерді жүргізеді және дайындайды. Депоның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді анықтайды, сипаттайды және бағалауды жүргізеді, тәуекелдер картасын және тәуекелдерді басқару үшін қажетті басқа да құжаттарды уақтылы өзектендіреді;
  • комиссиялық тексерулерді жүзеге асыру кезінде комиссиялардың жұмысына қатысады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы) саласындағы мамандығы;
  • Жұмыс тәжірибесі: локомотив шаруашылығы саласында мамандығы бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушысы/локомотивтерді қабылдаушы лауазымында кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр