Тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы Станция Тараз станциясы (сыныптан тыс) Магистральді желінің Жамбыл бөлімшесі АҚ «ҚТЖ» «Магистральді желі дирекциясы» филиалы

от 257 936
Жамбылское отделение магистральной сети Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
39

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

- 09 хабарламасы арқылы сұрыптау парағын түзетеді;
-Вагон қозғалысы жылдамдығын реттеушілерге (5 разрядты РСДВ) құрамды жіктеу жоспарын алдын ала үндік байланыс арқылы хабарлайды, бөлінетін вагондар (отцеп) санын және сұрыптау паркі жолына түсетін вагондарды көрсетеді, берілген ақпараттың дұрыс қабылданғанын РСДВ-нің «Түсіндім, жазып алдым» деген растауы арқылы тексереди;
- Құрамды жіктеу процесінде СТЦ операторы поезд құрастырушыға және РСДВ-ге вагондардың жүру жолы, отцептегі вагон саны, сондай-ақ отцептегі вагондардың түрі мен ерекшеліктері (ыдырмалы жүктер, ашық қапталды вагондар, сырғымалы жүкті вагондар және т.б.) туралы ақпарат береді;
- Әр 3 сағат сайын үндік байланыс арқылы жолда жұмыс істейтіндерге және қосымша тұлғаларға арналған қауіпсіздік техникасы ережелерін жариялайды;
- Жіктеу станциясын басқарудың автоматтандырылған жүйесінен (АСУСТ) түсетін жинақ есебі негізінде сұрыптау паркі жолдарының жағдайын, жүк поездарын құрастыру жоспарына сәйкес құрастырылатын вагондардың салмақ және ұзындық нормаларының сақталуын бақылайды және алынған деректерді төбе кезекшісіне хабарлайды;
- Жинақ есебімен бірге шығатын қауіпсіздік қорғау схемасының бұзылуы туралы анықтаманы оны жою мақсатында төбе кезекшісіне табыс етеді;
- Жеке электронды-есептеу машинасының (ПЭВМ) жұмысындағы құрамдық қателер мен сәтсіздіктер туралы журнал жүреді. ПЭВМ жабдықтары істен шыққан жағдайда АСУСТ механигына ақау туралы дер кезінде хабарлайды және егер 10–15 минут ішінде жүйе қалпына келмесе, сұрыптау паркі жолдарына вагондарды жинауды қолмен жүргізуге ауысады;
- Маневр диспетчерінің және төбе кезекшісінің тапсырмасы бойынша жүкті ағызу аяқталған немесе жүктелген вагондарды, жүк поездарын құрастыру жоспарына сәйкес, сұрыптау паркі жолдарына поезд жинауға қосады;
- 48 хабарламасы арқылы сұрыптау паркіндегі вагондарды қайта орналастырады;
- ПЭВМ, оған арналған жабдықтар, инвентарь және бөлмеде сақталатын құрал-жабдықтың сақталуын қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

- Білімі: орта (техникалық және кәсіптік) - Мамандығы (саласы): Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; - Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмайды;

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру