«KTZ Express» АҚ филиалы – «KTZE Commerce» (Алматы қ.) клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Клиенттерден өтінімдерді қабылдау, алдын ала төлемге шот ұсыну, жасалған шарттардың талаптарына сәйкес клиенттерге нұсқаулық беру;
- Клиенттерден ақшалай қаражаттың түсуін бақылау;
- Жасалған шарттарға сәйкес клиенттерден тауарды жөнелту туралы ақпарат алу;
- Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі туралы клиенттерге ақпарат беру;
- Көрсетілетін қызметтерді сүйемелдеу мәселелері бойынша клиенттермен күнделікті туындайтын негізгі жедел мәселелерді пысықтау;
- Жүктерді кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыратын кеден органдарының бөлімшелерімен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- Шарт талаптары мен қолданыстағы заңнама шеңберінде клиенттермен берік өндірістік байланыстар орнатуды ұйымдастыру;
- Филиал мен Қоғам клиенттерімен келіссөздер жүргізуге дайындық жұмыстарын жүзеге асыру және оларға қатысу;
- Бөлім құзыретіне кіретін міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты жинау мен мониторинг жүргізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- Бөлімнің бекітілген қызмет бағытына сәйкес Қоғамның сапа саласындағы саясатын іске асыруға қатысу;
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелері, Филиал және клиенттер арасындағы құжат айналымын бақылау;
- Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кіріс және шығыс хат-хабарлармен жұмыс жүргізу;
- Филиал басшылығына клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі бөлімнің жұмысы туралы есептердің дайындалуын бақылау және қамтамасыз ету;
- Бөлімнің құзыреті шеңберінде клиенттерге консультациялық көмек көрсету;
- Шарттарды орындау барысында клиенттермен туындайтын келіспеушіліктерді клиенттерге ресми түсіндірмелер жолдау арқылы реттеу;
- Филиал кірістерін ұлғайту мақсатында бөлім құзыреті шеңберінде Филиал басшылығы мен клиенттерге жедел ақпарат ұсыну;
- Бөлімнің құзыреті шеңберінде жасалған шарт талаптарының орындалуын бақылау;
- Тасымалдауды сүйемелдеу мәселелері бойынша клиенттермен туындайтын негізгі жедел мәселелерді пысықтау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Менеджмент; Маркетинг; Халықаралық қатынастар; Құқықтану; Халықаралық құқық; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр