«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» өңірлік филиалының бухгалтерия бөлімінің 1-санатты бухгалтері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қызметкерлердің жалақысын, салықтарды және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеуді жүргізеді;
- есептеулер мен төлемдерді бақылайды, есеп айырысу және төлем ведомостарын жүргізеді, қызметкерлер бойынша жалақыны және әлеуметтік салықты, әлеуметтік аударымдарды, ЖТС, МЗЖ, МӘМС, МӘМС бюджетке аударуға төлем тапсырмаларын қалыптастырады;
- қызметкерлерге материалдық көмек көрсетуге (ТЖ билеттеріне, тістерін протездеуге, бала тууға, емделуге, некені тіркеуге және жерлеуге) қаржыландыру үшін өтінім жасайды;
- атқару парақтары бойынша және алимент бойынша ұстап қалу, өтініш бойынша ұстап қалу жүйесіне енгізеді (поезды кідірту, оған және т.б.);
- қызметкерлердің іссапар шығыстарын есептеу бойынша есепті орындайды және есеп беретін сомалармен есеп айырысуды тексереді. «Фаворит» АБУ бағдарламасы арқылы іссапар шығыстары бойынша ақы төлеуді жүргізеді;
- бухгалтерлік есеп шоттарында жалақы есебі бойынша барлық жүзеге асырылған операциялардың және өзге де операциялардың дұрыс көрсетілуін, жалақы шоттары бойынша ФО-1 бухгалтерлік балансымен салыстырып тексеруді бақылайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Есеп және аудит; Экономика; Қаржы.
- Жұмыс тәжірибесі: өтіліне талап қойылмайды.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар