Көлік құжаттарын өңдеу операторы. Сыныпсыз «Шу» станциясы. Магистральді желінің Жамбыл бөлімшесі. АО «НК «ҚТЖ» филиалы – «Магистральді желі дирекциясы».**

234 559 - 248 944
Жамбылское отделение магистральной сети Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
15

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. 09 хабарламасы арқылы сұрыптау кестесін түзетеді;
2. Дабылдық дыбыс жүйесі арқылы вагондар қозғалыс жылдамдығын реттеушілерге құрамды ажырату жоспарын алдын ала жариялайды; сұрыптау паркі жолына шығатын бөліктер мен вагондар санын көрсетеді, берілген ақпараттың дұрыс қабылданғанына 5-дәрежелі вагондар қозғалыс жылдамдығын реттеушінің (бұдан әрі – РСДВ) «Түсіндім, жазып алдық» деп растауы арқылы көз жеткізеді;
3. Құрам ажырату барысында станцияның технологиялық орталығы операторы (бұдан әрі – СТЦ операторы) пойыз құрастырушыға және РСДВ-ға бөліктегі вагондардың жүріп келе жатқан жолы, вагон саны, сондай-ақ олардың сипаты мен ерекшеліктері (әйнек, ашық қабырғалы вагондар, жылжитын жүк т.б.) туралы ақпарат береді;
4. Әр 3 сағат сайын дабылдық дыбыс жүйесі арқылы жолдарда жұмыс істейтіндерге және шет азаматтарға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды жариялайды;
5. Сұрыптау станциясын басқарудың автоматтандырылған жүйесінен (бұдан әрі – АСУСТ) алынатын жинақтау парағы негізінде сұрыптау паркі жолдарының жағдайын, пойыз құрастыру жоспарына сәйкес құрастырылатын құрамдардың салмақ және ұзындық нормаларын сақтауын бақылайды және ақпаратты төбе (ығыстыру) кезекшісіне хабарлайды;
6. Жинақтау парағымен бірге берілетін жабу схемасының бұзылуы туралы анықтаманы төбе кезекшісіне оны жою мақсатында тапсырады;
7. Жеке электронды-есептеу құрылғысының (бұдан әрі – ЖЭҚ) жұмысына қатысты толықтығы мен ақаулар журналын жүргізеді. ЖЭҚ құрылғылары істен шыққан жағдайда ақаулық туралы АСУСТ механигіне бірден хабарлайды. Егер жүйе 10–15 минут ішінде қалпына келмесе, сұрыптау паркі жолдарындағы вагондарды жинақтауды қолмен жүргізуге көшеді;
8. Маневр диспетчері мен төбе кезекшісінің нұсқауы бойынша жүк пойыздарын құрастыру жоспарына сәйкес, жөнелту аяқталған немесе пойыз жинақтауға түскен вагондарды сұрыптау паркі жолына қосады;
9. 48 хабарламасы арқылы сұрыптау паркі вагондарын ығыстырады;
10. Бөлмедегі ЖЭҚ, оған тиесілі бөлшектер, жабдықтар мен құрал-жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)
Мамандығы: Теміржол көлігінде тасымалдау ұйымдастыру және қозғалысты басқару;
Жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру