«ҚазГӨЗ» ЖШС еспшісі (салық жөніндегі).
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС Жаңаөзен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
«ҚазГӨЗ» ЖШС есепшісі (салық жөніндегі) қойылатын біліктілік талаптары
Білімі деңгейі:
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кәсіптік (экономикалық), орта білімнен кейінгі (орта кәсіптік) білім.
Білім бейіні:
Бухгалтерлік есеп және аудит, экономика, қаржы.
Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы):
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болған жағдайда жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кәсіптік (экономикалық), орта білімнен кейінгі (орта кәсіптік) білімі болған жағдайда бухгалтер лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы):
Талап етілмейді.
Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті білім мен дағдылар:
Міндетті:
- Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық кодексі);
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы «Өмірлік маңызды қағидалар» кодексін;
- Серіктестіктің Жарғысын;
- Қазақстан Республикасының заңнамасын;
- КСБУ және ЕСУОТ стандарттарын;
- ISO 9001, ISO 14001, ISO 50001, ISO 45001 сапа менеджменті, экологиялық менеджмент, кәсіптік қауіпсіздік және денсаулықты қорғау менеджменті жүйелерінің құжаттарын;
- Бөлім туралы ережені;
- Серіктестік басшылығының бұйрықтары мен нұсқауларын;
- лауазымдық нұсқаулықты және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Серіктестіктің басқа да ішкі құжаттарын білуі тиіс.
Қалаулы:
- Кәсіби бухгалтер сертификатының болуы;
- DipIFR біліктілігінің болуы.
Басқарушылық құзыреттер:
- командада үздік бол;
- жұмысты тиімді ұйымдастыр және мақсаттарға қол жеткіз;
- көптеген идеялар ұсынып, бір шешім қабылда және проблемаларға жол берме.
Корпоративтік құзыреттер:
- жауапты бол және бастамашылдық таныт;
- әрекет ет және үздік нәтижеге қол жеткіз;
- командада жұмыс істе, компанияның мүдделерін қорға;
- серпінді бол және дамы;
- талда, ойлан және ұсыныс енгіз;
- өзіңе сен, әріптестеріңді құрметте және компанияңды мақтан тұт;
- қауіпсіз жұмыс істе.
Лауазымдық міндеттері:
- Серіктестіктің қайта өңдеу цехтары мен операторлық қызметі бойынша барлық салықтар мен міндетті төлемдерді (мүлік салығы, көлік құралдары салығы, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы, жер салығы, бейрезиденттерден ұсталатын корпоративтік табыс салығы, бейрезиденттерден ұсталатын қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, қосылған құн салығы, КІІН, декларация тапсырылғанға дейінгі және декларация тапсырылғаннан кейінгі аванстық төлемдер бойынша есептеулер) ай сайын есептеу;
- цехтар мен шарттар бойынша салықтардың дұрыс есептелуін тексеру және есептелген салық сомаларын «1С:Кәсіпорын 8» есеп жүйесіне енгізу;
- Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінде белгіленген мерзімдерде салықтық есеп-қисаптар мен салық декларацияларын құзыретті органдарға уақтылы ұсыну;
- салықтар мен алымдарды республикалық және жергілікті бюджеттерге, сақтандыру жарналарын мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға уақтылы аударуды қамтамасыз ету;
- барлық салық түрлері бойынша ай сайын салық басқармасымен салыстырып тексеру жүргізу;
- «Тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) экспорты» мәмілелерінің мониторингі бойынша салық есептілігін (000.10-нысан), тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы есепті (328.00-нысан) және импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны (320.00-нысан) уақтылы дайындау және ұсыну, сондай-ақ халықаралық топқа қатысу туралы өтініштерді жыл сайын тапсыру және мемлекеттік кірістер органына жергілікті есептілікті ұсыну;
- салық кезеңінің қорытындысы бойынша тіркелімдерді толтыру және барлық егжей-тегжейлі таратып жазуларымен бірге корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру;
- Серіктестіктің бұйрығымен белгіленген мерзімдерде негізгі құралдар мен материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу;
- қажеттілігіне қарай қаржы, салық және жоғары тұрған органдардың сұрау салуларына жауаптар дайындау;
- бас бухгалтердің және бас бухгалтердің орынбасарының тапсырмасы бойынша осы лауазымдық нұсқаулықта көзделмеген біржолғы жұмыстарды орындау;
- тексеруші органдармен және аудиторлармен жұмыс жүргізу;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, өндірістік санитария қағидаларының, нормалары мен нұсқаулықтарының талаптарын сақтау;
- есеп айырысу бухгалтерінің міндеттерін, сондай-ақ ол болмаған кезеңде (іссапарда, науқастанғанда, еңбек демалысында және т.б.) белгіленген тәртіппен тағайындалған қызметкерлердің міндеттерін орындау;
- өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын бұзу қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін жағдайларда жұмыстарды тоқтата тұру, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі қызметкерлерді жұмысқа жібермеу.
ЕСУОТ сәйкес есеп айырысу бухгалтері:
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізуге жұмсалатын қаражаттың есебін жүргізу;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша өткізілетін кеңестерге қатысу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)