Химиялық талдау зертханашысы (жарлық демалысы уақытына)

Степногорск күкірт-қышқыл зауыты - "SSAP" ЖШС Степногор қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
77

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Өндіріс стандарттарына, техникалық шарттарға, технологиялық регламентке сәйкес көзделген талдауларды орындайды;
  • Зертханалардағы сынақ жабдығының, өлшеу құралдарының дұрыс күйін қадағалайды және ақаулықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды, зертхана басшысына хабарлайды;
  • Тіркеуді жүргізеді, қажетті есептеулерді орындайды және талдау нәтижелерін белгіленген нысан бойынша зертханалық журналдарға енгізеді;
  • Ерітінділерді дайындау бойынша жұмыстарды уақытылы және сапалы орындайды;
  • Зертхана басшысының тапсырмасы бойынша жоспардан тыс талдауларды орындайды;
  • Жұмыс орнынң тазалығын, зертханалық ыдыстың сақталуын, талдаулар жүргізуге қажетті ерітінділер мен реактивтердің болуын қадағалайды;
  • Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік және ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтайды.

Талаптар:


  • Білім деңгейі - Тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім (біліктілік);
  • Білім бейіні - Химиялық пәндерді оқуға байланысты білім (химия, биохимия, санитария, экология және т.б.);
  • Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (бейін) - Химиялық талдау;
  • Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесінің ұзақтығы, жыл - 
  • 1) Жұмыс тәжірибесіне (стажға) талап қойылмайды;

    2) Орта техникалық немесе кәсіптік білім болмаған жағдайда не біліктілікке сәйкестігін растауға арналған біліктілік емтиханы болмаған жағдайда 5, 4 және 3 разрядқа - 5, 4 және 3 разряд бойынша функционалдық міндеттерді орындауға жеткілікті және қажетті, кемінде 1 (бір) жыл болатын жұмыс тәжірибесіне рұқсат етіледі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж