Метрология бөлімінің метрология жөніндегі 2-санатты инженері

305 045 - 325 045 KZT
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
88

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Өлшеу саласында өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді дамыту және жетілдіру жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеуге қатысу;

  • Кәсіпорындағы өлшеу құралдарының жай-күйі мен қолданылуына метрологиялық бақылауды жүзеге асыру;

  • Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша отандық және шетелдік озық тәжірибені зерделеу;

  • Метрология мәселелері бойынша стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеуге және келісуге қатысу;

  • Өлшеу құралдары мен әдістері туралы мәліметтер қамтылған технологиялық құжаттамаға және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға метрологиялық сараптама жүргізу;

  • Кәсіпорынға жаңадан келіп түскен өлшеу құралдарына кіріс бақылауын жүзеге асыру;

  • Кәсіпорындағы өлшеу құралдарының есебін жүргізу жұмыстарын жүзеге асыру;

  • Кәсіпорынның тексеру зертханасын аккредиттеу, қайта аккредиттеу және аккредиттеу саласын кеңейту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу.

Талаптар:

Кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша (стандарттау, сертификаттау және метрология немесе метрология) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің болуы.

Жұмыс өтілі Санаты жоқ метрология жөніндегі инженер лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Қосымша талаптар:
Кандидат білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдістемелік және басқа да материалдарды; Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тәртібін; Өлшеу құралдарының техникалық сипаттамаларын, құрылымдық ерекшеліктерін, мақсаты мен жұмыс істеу қағидаттарын; Метрологиялық бақылау және өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибені; Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін; Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау қағидаларын.