Өскемен-1 станциясының аға жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы, жоғары класс, НОД-5

от 152 902
НОД-6 (Семейское отделение ГП) Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
26

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Күзетілмеген тасымалдар бойынша жедел хабарламалар беруді жүргізу
505-ЦЗ 2017 жылғы 26 маусымдағы бұйрығына сәйкес коммерциялық актілерді ресімдеу және тергеуге жіберу
Жүк алушыларға коммерциялық актілер беруді жүргізу
Коммерциялық актілер бойынша сақталмайтын тасымалдар жағдайларын қарау үшін материалдар дайындау
Акт үстелінің кітаптары мен журналдарын нөмірленіп және тігіліп дайындайды.
Коммерциялық актілердің материалдарын дайындауды және оларды тергеуге ЖІІБ, «ӘТЖК» АҚ-ға жіберуді жүргізу
Сақталмайтын тасымалдарға талдау жасау
Басқа станциялардан тергеуге келіп түскен коммерциялық актілерге тергеу жүргізу
Жедел хабарламалар, коммерциялық актілер бойынша есеп жасайды КНО-1
Вагондарды тазартпау бойынша есеп жасау
Сақталмайтын тасымалдар жағдайлары, тексеру актілері бойынша хаттамаларды ресімдеуді жүргізу
Бақылау өлшемдері бойынша есеп жасау
Көлемді тексерулер бойынша есеп жасау
ГНУ-1, ГНУ-2, ГНУ-3, ГРУ-4 кітаптарын уақтылы және сапалы жүргізуді жүргізу
Мерзімді есептілікті және ақпаратты белгіленген мерзімде ұсыну
Жыл басында кітаптар мен журналдар дайындау
Коммерциялық актілердің материалдарын ЖІІБ және ӘАҰ-ға тергеуге дайындау және жіберу
Коммерциялық актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру
Станция жұмысының технологиялық процесін сақтау

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж