Денсаулық сақтау жөніндегі маман.

"Волковгеология" АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
143

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Лауазымдық міндеттері: Ауысым алдындағы/рейс алдындағы және ауысымнан кейінгі/рейстен кейінгі медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыруға жауапты болады. Ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық куәландырудан, сондай-ақ рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеруден өтуге тиіс кәсіптер тізімдерінің негізінде ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда, машиналар мен механизмдерде жұмыс істейтін қызметкерлердің тізімін әзірлейді және басшылықтың бекітуіне ұсынады. Ауысым алдындағы/рейс алдындағы және ауысымнан кейінгі/рейстен кейінгі медициналық қарап-тексерулерді жүргізу процесі мен сапасын ұйымдастырады және бақылайды. Аталған кәсіптер бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді жұмыстан шеттету себептерін талдайды. Медициналық қарап-тексеру нәтижелері негізінде тәуекел топтарын қалыптастырады. Тәуекел топтары мен диспансерлік есептегі (Д-топтардағы) қызметкерлер арасында профилактикалық жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастырады және бақылайды. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей медициналық мердігер ұйыммен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін зиянды өндірістік факторлар мен кәсіптер тізбесіне сәйкес міндетті медициналық қарап-тексеруден өтуге жататын қызметкерлердің тізімін жасайды. Аталған тізімді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келіседі. Жыл сайынғы профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыру кезінде медициналық ұйым ұсынған күнтізбелік жоспарды, зиянды өндірістік факторлардың ерекшеліктерін ескере отырып, зертханалық және басқа да зерттеулердің түрлері мен көлемін, дәрігерлік комиссия жұмысының уақыты мен мерзімдерін келіседі. Медициналық қарап-тексеру жүргізу үшін медициналық ұйым ұсынған және бекіткен дәрігерлік комиссияның құрамын келіседі және оның толықтығын бақылайды. Жыл сайынғы профилактикалық медициналық қарап-тексерулер бойынша дәрігерлік комиссияның жұмысына қатысады, комиссияға қызметкерлердің өндірістік факторлары мен еңбек жағдайлары туралы сипаттаманы ұсынады. Нәтижелерді және бекітілген нысан бойынша қорытынды актіні сұратады. Қорытынды актіде басқа жұмысқа ауыстыру, стационарлық және санаторийлік-курорттық емделу, емдік-профилактикалық тамақтану және динамикалық бақылау ұсынылған қызметкерлердің аты-жөні көрсетілген тізімнің болуын қамтамасыз етеді. Қорытынды актінің ұсынымдарын орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады: стационарлық және санаторийлік-курорттық емделу, емдік-профилактикалық тамақтану және динамикалық бақылау. Міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеруді жүргізген медициналық ұйымның әрбір қызметкердің тексеру нәтижелерін медициналық ақпараттық жүйеге енгізуін және жүргізілген медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша жиынтық есепті бекітілген нысанға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынуын бақылайды. Медициналық қарап-тексеруден өтпеген, денсаулық жағдайына байланысты жұмысқа жарамсыз деп танылған немесе еңбек қызметіне медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды жұмысқа жібермеуді қамтамасыз етеді. Медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымның қызметкерлерді денсаулық топтарына бөлуді бақылауды жүзеге асырады: Оңалтуды қажет етпейтін дені сау қызметкерлер; Әртүрлі ағзалар мен жүйелердің тұрақсыз функционалдық өзгерістері бар, іс жүзінде дені сау қызметкерлер; Жалпы аурулардың бастапқы түрлері бар қызметкерлер; Кәсібі бойынша жұмысты жалғастыруға қарсы көрсетілім болып табылатын немесе табылмайтын жалпы аурулардың айқын түрлері бар қызметкерлер; Ағзаға зиянды өндірістік факторлардың әсер ету белгілері бар қызметкерлер; Кәсіптік аурулардың белгілері бар қызметкерлер. Өндірістік жағдайларға байланысты медициналық қобдишалардың құрамын айқындайды. Оларды қажетті медициналық құралдармен толықтыру, сақтау шарттары мен мерзімдерінің сақталуы бойынша шаралар қабылдайды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек, консультациялық-диагностикалық көмек, алғашқы көмек, жедел және шұғыл медициналық көмек шеңберінде медициналық қызметтердің көрсетілуін ұйымдастырады және бақылайды. Персоналды алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытуды және оқу-жаттығулар барысында практикалық дағдыларды пысықтауды ұйымдастырады. Шұғыл медициналық ден қою жоспарын әзірлеуге қатысады және оқу-жаттығулар барысында оның практикалық орындалуын пысықтайды. Компанияда санитариялық-ағарту жұмысын ұйымдастырады. Аурулардың мінез-құлықтық қауіп факторларына мониторинг жүргізеді. Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының және басқа да созылмалы инфекциялық емес аурулардың профилактикасы бойынша бағдарламалар әзірлейді. Аурушаңдықтың профилактикасы бойынша ақпараттық материалдар дайындайды. Иммундау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, вакцинациямен қамту деңгейіне мониторинг жүргізеді. Міндетті және басқа да вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы көшпелі иммундауды ұйымдастырады. Карантиндік шаралар және кәсіпорын аумағында карантин енгізу туралы ауданның бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары негізінде инфекция ошақтарын оқшаулау мақсатында кәсіпорында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады. Эпидемиологиялық тергеп-тексерулер жүргізеді, байланыста болған адамдар тобын анықтайды. Эпидемиологиялық тәуекелдерді бағалайды. Науқастармен және байланыста болған адамдармен профилактикалық шаралар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, жоғары эпидемиологиялық тәуекел тобына жататын адамдар ретінде оқшаулау қағидаларын сақтау жөніндегі міндеттемелерін қолхат арқылы растайды. COVID-19 және басқа да инфекциялармен ауырған адамдардың, сондай-ақ байланыста болған адамдардың денсаулық жағдайына мониторинг жүргізеді. Инфекция ошақтары тіркелген кезде Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық өкілдерімен байланыс орнатады және сұратылған ақпаратты дайындайды. COVID-19 бойынша зертханалық зерттеу әдістерін жоспарлайды, зерттеу әдістерін таңдау стратегиясын және олардың негіздемесін айқындайды, өтінімдер мен хабарламалар, кестелер жасайды, зерттеу нәтижелеріне эпидемиологиялық бағалау жүргізеді. Қызметкерлердің кәсіптік аурулары, улану жағдайлары, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы және өндірістік фактормен байланысты емес жұмыс орнындағы кенеттен қайтыс болу фактілерін тергеп-тексеруге қатысады. Несептегі уран мөлшерін анықтау үшін сынамалар алуды, сақтауды және мамандандырылған зертханаға көлікпен жеткізуді несептегі уран мөлшерін зерттеу әдістемесінің барлық талаптарын сақтай отырып ұйымдастырады. Несептегі уран мөлшерін талдау нәтижелері бойынша кәсіптік медициналық қарап-тексеру нәтижелеріне талдау жүргізеді. Қызметкерлер денсаулығына төнетін тәуекелдерді бағалайды, медициналық қарап-тексеру нәтижелері, медициналық көмекке жүгіну деректері, еңбекке жарамсыздық парақтары және еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері негізінде қызметкерлердің аурушаңдығын талдайды. Қызметкерлердің денсаулығын сақтау және жақсарту бойынша басшылыққа ұсынымдар дайындайды. Өндірістік бөліммен келісу бойынша өндірістік учаскелерге мерзімді түрде барып, өндірістік персоналдың денсаулығын қорғау мәселелеріне мониторинг жүргізеді. Қызметкерде кәсіптік ауруға (улануға) күдік болған жағдайда оның еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын жасау үшін қажетті мәліметтерді жинайды. Жұмыс орындарын аттестаттауға және кәсіптік аурулардың туындауының алдын алу, еңбек жағдайларын сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Жаңа қызметкерлер жұмысқа қабылданған кезде алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеру анықтамаларын тексереді, олардың кәсіптік міндеттерін орындауға жарамдылығының толық бағаланғанын, жалпы және кәсіптік аурулардың алдын алу, инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуына жол бермеу талаптарының сақталғанын анықтайды. Көрсетілімдер бойынша қызметкерлерді дәрігерлік-консультациялық комиссиядан (бұдан әрі – ДКК) өтуге жібереді. ДКК нәтижелерін өңдейді, қызметкердің одан әрі еңбек қызметіне қатысты ұсынымдар береді, сондай-ақ жеке оңалту және сауықтыру іс-шараларын әзірлейді. Созылмалы аурулары бар қызметкерлердің есебін жүргізеді. Олардың одан әрі еңбек қызметіне қатысты ұсынымдар береді, сондай-ақ оңалту және сауықтыру іс-шараларын әзірлейді. Персоналдың аурушаңдығын талдау және кәсіптік ауруларды тергеп-тексеру кезінде қызметкерлердің медициналық көмекке жүгіну деректері бойынша медициналық сақтандыру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Медициналық мәселелер, өндірістік санитария және гигиена бойынша кеңестерге қатысады. Нұсқаулықтарды, рәсімдерді, тексеру парақтарын, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша вахталарды ауыстыру алгоритмдерін және басқа да құжаттарды әзірлейді. Аурушаңдық тәуекелдеріне және қызметкерлер денсаулығы жағдайының нашарлауына мониторинг жүргізеді, басшылықты уақтылы хабардар етеді; ықтимал эпидемияларға болжам жасап, профилактикалық іс-шаралар жоспарын әзірлейді. Медициналық қалдықтардың заңнама талаптарына сәйкес жойылуын бақылайды. Медициналық құжаттаманың, медициналық есептіліктің, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құжаттаманың дұрыс әрі шынайы толтырылуын, сондай-ақ қызметкерлердің жеке медициналық карталарының ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылайды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ақпараттық жүйелерінде, атап айтқанда Pentaho жүйесіндегі КХД АЖ-да денсаулықты қорғау бөлімі бойынша есептердің орындаушысы болып табылады. Филиалдардағы тамақтану объектілерінің (асхана мен тағам дайындау блогының) санитариялық-гигиеналық жағдайына, үй-жайлардың гигиеналық күтіміне және санитариялық қағидаларға сәйкестігіне тұрақты мониторинг жүргізеді. Емдік-профилактикалық тамақтанумен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізеді. Жартылай фабрикаттардың, тағамдардың және аспаздық өнімдердің органолептикалық сапасын бағалауды және бракераж жүргізуді ұйымдастырады. Медициналық мердігерлер арасындағы сабақтастықты және тарихи деректердің сақталуын қамтамасыз етеді: қызметкерлердің жеке карточкаларының, талдамалық есептердің, сондай-ақ мердігер ұйымдардың қызмет көрсету кезеңінде әзірлеген басқа да материалдарының сақталуын қамтамасыз етеді. Дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау жұмыстарын жоспарлауды және жүргізуді ұйымдастырады. Жазатайым оқиғалар, жарақаттар, уланулар және қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін басқа да шұғыл жағдайлар кезінде өндірістік объектінің бүкіл аумағында персоналға дәрігерге дейінгі медициналық көмек, шұғыл медициналық көмек және жедел медициналық көмек көрсетуді жедел медициналық көмек көрсету деңгейлеріне сәйкес ұйымдастырады. Зардап шеккен адамды медициналық сұрыптау жүйесіне сәйкес триаж жүйесі бойынша тобы анықталғанға дейін санитариялық автокөлікпен стационардың қабылдау бөліміне жеткізуді және алып жүруді ұйымдастырады. Стационарлық науқастың медициналық картасын толтыруға көмектеседі. Стационардың емдеуші дәрігерімен байланыс орнатады. Пациент стационардан шығарылған кезде МСАК ұйымы жағдайында одан әрі емделу жөніндегі ұсынымдардың алынуын бақылайды. Қажет болған жағдайда, зардап шеккен адамның жағдайы мен өміріне төнетін қауіпті ескере отырып, оны санитариялық авиациямен жеткізуді ұйымдастырады. Бұл үшін жедел медициналық көмек қосалқы станциясымен, санитариялық авиацияның үйлестіруші ұйымымен және шұғыл медициналық көмек көрсететін стационармен байланыс орнатып, іс-қимылдарды үйлестіреді. Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) шартының үйлестірушісі болып табылады және сақтандыру компаниясы мен медициналық ассистанстың шарт талаптарын тиісінше орындауына жауап береді. Күзгі-қысқы кезеңдегі маусымдық ауруларды, объектінің шалғайлығын және қолжетімділігін ескере отырып, дәрілік заттармен, медициналық шығыс материалдарымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, медициналық жабдықтармен және аспаптармен уақтылы қамтамасыз ету процесін жоспарлауға және басқаруға қатысады. Дәрілік заттардың, медициналық шығыс материалдарының және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін келіседі, сақтау шарттары мен мерзімдерінің сақталуын бақылайды.

Білім:

Жоғары немесе арнаулы орта білім (санитариялық дәрігер / гигиенист-эпидемиолог / эпидемиолог / кәсіптік патология дәрігері / дәрігер / фельдшер).

Дағдылар:

Қызметкерлермен коммуникация және өзара іс-қимыл жасау, ішкі құжаттар мен Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес денсаулықты қорғау және еңбек гигиенасы бойынша бағдарламалар мен іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу.

Қосымша:

Қызметкерлердің денсаулығын сақтау және кәсіптік аурулардың алдын алу деңгейі. Қызметкерлердің денсаулығын қорғау саласындағы заңнама талаптарының, корпоративтік стандарттар мен ішкі рәсімдердің сақталуы. Денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағдарламаларын іске асыру тиімділігі. Персоналдың денсаулығына әсер ететін кәсіптік тәуекелдерді анықтау және бақылау деңгейі. Міндетті медициналық қарап-тексерулерді, тексерулерді және денсаулықты қорғау жөніндегі өзге де іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің уақтылылығы. Қызметкерлердің денсаулық жағдайына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық деңгейі. Өндірістік объектілерде инфекциялық және басқа да аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі. Қызметкерлердің денсаулық жағдайы нашарлаған және медициналық инциденттер туындаған жағдайларда ұйымның жедел әрекет етуге дайындығы. Кәсіптік ауруларға, қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығына, өтемақы төлемдеріне және еңбек өнімділігінің төмендеуіне байланысты ықтимал қаржылық шығындардың мөлшері. Қызметкерлердің денсаулықты қорғау және аурулардың алдын алу мәселелері бойынша хабардар болу деңгейі. Ұйымның персонал денсаулығын сақтауға арналған қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін жұмыс беруші ретіндегі беделі. Қызметкерлердің денсаулығын қорғау мәселелері бойынша медициналық ұйымдармен, бақылаушы органдармен және басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тиімділігі.

Білетін тілдер:

Қазақ, орыс және ағылшын