"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Никельтау станциясының парк кезекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1) ДУ-61 нысандағы ескерту бланкісін береді және белгіленген тәртіппен ДУ-3, ДУ-60, ДУ 58 нысандардағы пойыздарға ескерту беру кітабын жүргізеді;2) телеграф арқылы келіп түскен ескертулерді беру және олардың күшін жою туралы өтінімдерді қабылдайды;
3) станциядан жолға шығар алдында дрезиналар АРВ, ДГКу, МПТ, АС, АГД, АДЭ машинистерінің құжаттарын тексереді, тексеру нәтижесін арнайы журналға белгілейді және кейіннен ДСП, ДНЦ-ға баяндайды;
4) жөнелтілетін пойыздардың басындағы және соңындағы вагондардың нөмірлерін ДСП мен ДСП операторларына хабарлайды және т.б.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техниқалық және кәсіптік)
- Мамандығы: Көлікті тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты және пайдалану (теміржол көлігі)
- Жұмыс өтілі: жоғары білімі болған жағдайда: пойыз құрастырушысы, вагондар қозғалысы жылдамдығын реттеуші, бағыттамалық пост кезекшісі, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы, сигнал беруші, станция кезекшісі жанындағы оператор, орталықтандыру посты кезекшісі, сұрыптауу дөңесінің операторы лауазымдарында 1 жылдан кем емес; білімі орта (техникалық және кәсіптік) болған жағдайда: ойыз құрастырушысы, вагондар қозғалысы жылдамдығын реттеуші, бағыттамалық пост кезекшісі, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы, сигнал беруші, станция кезекшісі жанындағы оператор, орталықтандыру посты кезекшісі, сұрыптауу дөңесінің операторы лауазымдарында 3 жылдан кем емес
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж