Техник

от 280 000
Жана-Есильская дистанция пути (ПЧ-14) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
185

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1) Өндірістік учаскенің бастығымен немесе оның орынбасарымен, жол бригадирімен бірлесіп, жолдағы рельстерге және жолдың пикет бойынша материалдық қорына таңбалау жұмыстарын жүргізеді.
2)Өндірістік учаскенің бастығымен немесе оның орынбасарымен бірлесіп:

Жұмыстарды орындау үшін километрді тапсыру актілерін;

Орындалған жұмыстарды қабылдау актілерін (ПУ-48 нысаны);

Бағыттамалы бұрмаларды, аударма білеулерін қабылдау актілерін;

Бағыттамалы бұрмаларды қиыршықтас төсеміне орнату актілерін және басқа да актілерді (ПУ-48а нысаны) уақытылы толтырады.
3) ПО-6 нысаны бойынша есепті қалыптастырып, өндірістік-техникалық бөлімге тапсырады.

Біліктілік талаптары:

Білімі: орта техникалық және кәсіптік білім.

  1. Мамандығы бойынша білімі:

Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрамы);

Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);

Электротехника (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар);

Автоматтандыру және басқару;

Электр энергетикасы;

Стандарттау, метрология және сертификаттау;

Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.

  1. Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмайды.

Қосымша талаптар:

Компьютерлік программаларды білу (Word. Excel)

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру