«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Саяхат» филиалының Бухгалтерлік есеп департаментінің бас менеджері - бас бухгалтерінің орынбасары

от 596 403
Филиал "Пригородные перевозки" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
212

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға «Дебиторлық және кредиторлық берешектің толық жазбасы» ФО-17 қаржылық есептілік нысанын, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ВФО-21–26 топішілік есептілік нысандарын қалыптастыру және ұсыну, сондай-ақ SAP BW жүйесінде шығыстар мен кірістер бойынша барлық есептілік нысандарындағы деректерді салыстырып тексеру;
  • шығыстардың барлық түрлері бойынша, оның ішінде өзге де шығыстар бойынша толық жазбаларды ай сайын жинау, қалыптастыру және ұсыну, № 1 және № 2 әзірлемелік кестелердегі деректердің анықтығын және олардың есептілікте дұрыс көрсетілуін тексеру;
  • аудиторлық тексерулер жүргізу шеңберінде қаржылық есептілік нысандары бойынша ақпарат, құжаттар және түсіндірмелер ұсыну;
  • негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын түгендеуге, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің ұйымдастырылуын тексеруге, сондай-ақ филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде құжаттамалық ревизиялар жүргізуге қатысу және олардың жүргізілуін бақылау;
  • дебиторлық және кредиторлық берешектің жай-күйі, «Мерзімі өткен дебиторлық берешекті азайту» қызметтің негізгі көрсеткішінің (KPI) орындалуы тұрғысынан айналым капиталын талдау, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешектің айналымдылық көрсеткіштерін есептеу және ұсыну;
  • айналым капиталы мәселелері жөніндегі комиссияның және дебиторлық және кредиторлық берешекпен жұмыс жөніндегі жұмыс тобының отырыс хаттамаларын жүргізу, дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі жұмысты жүргізу, тиісті ақпаратты қалыптастыру және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға ұсыну;
  • шығыстар әкімшісі Бухгалтерлік есеп департаменті болып табылатын жасалған шарттар бойынша бюджет қаражатының жоспарлануы мен игерілуін бақылау;
  • бөгде ұйымдармен, өнім берушілермен және мердігерлермен өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру, салыстырып тексеру актілерін жасау, шарттық міндеттемелер бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілуін бақылау, сондай-ақ шарттардың қолданылу мерзімін ұзарту кезінде кредиторлық берешекті өтеу кестелерін қалыптастыру және тиісті келісімдерді дайындау;
  • бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау үшін деректерді дайындау, бухгалтерлік құжаттардың белгіленген тәртіппен тиісінше ресімделуін және сақталуын қамтамасыз етуді бақылау;
  • қаржыландыруға арналған өтінімдерге қоса берілетін құжаттардың негізділігін, толықтығын және анықтығын тексеру, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға жолданатын барлық қаржыландыру өтінімдерін, оның ішінде өнім берушілермен және мердігерлермен есеп айырысуға, жалақы, сыйлықақы, еңбек демалысының ақысын және іссапар шығыстарын төлеуге арналған өтінімдерді келісу;
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға белгіленген статистикалық есептілік нысандарын қалыптастыру және уақтылы ұсыну;
  • бухгалтерлік есеп департаментінің жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының салық заңнамасын, есеп саясатын және салықтық есеп саясатын, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және қорларды есепке алу жөніндегі нұсқаулықтарды қолдану, сондай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттарына енгізілген өзгерістер мәселелері бойынша әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету;
  • бас бухгалтер – Бухгалтерлік есеп департаменті директорының тапсырмаларын, сондай-ақ белгіленген өкілеттіктері мен еңбек функциясы шегінде басшылықтың қызметтік сипаттағы өзге де тапсырмаларын орындау;
  • KTZ HSE қосымшасында орналастырылатын жедел ақпараттық хабарламалармен және бюллетеньдермен уақтылы танысу;
  • филиалдың шығыстарына және бөгде ұйымдармен, өнім берушілермен және мердігерлермен есеп айырысуға байланысты орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша бастапқы құжаттарды «Фаворит» ақпараттық жүйесінде қабылдау, өңдеу және есепке алу;
  • филиал жұмыскерлерінің жалақысының, сыйлықақыларының, еңбек демалысы ақысының және өзге де төлемдерінің дұрыс есептелуін, сондай-ақ жалақыдан жүргізілетін ұсталымдардың дұрыстығы мен негізділігін бақылау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары.
  • Мамандығы: Есеп және аудит; Экономика; Қаржы.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл.

Қосымша талаптар:

  • Қосымша талаптар: Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтер сертификатының болуы.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы