«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының жедел-пайдалану жұмысы жөніндегі бөлімінің жетекші инженері

Жалақы көрсетілмеген
Филиал "Экспресс" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
187

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі топтың қызметкерлерімен бірлесіп, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ішкі аудит жүргізуге қатысады;
  • «Тальго» және «Тұлпар-Тальго» құрастырған жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің ауыр түрлерінің технологиялық процестерінің сақталуы мен орындалу сапасына, олардың ҚР ИДМ, Компания, Қоғам бекіткен нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігіне бақылау мен мониторингті жүзеге асырады;
  • жолаушылар жылжымалы құрамы мен Филиалдың өндірістік бөлімшелеріне техникалық тексерулер, көктемгі және күзгі комиссиялық қарап-тексерулер жүргізуге қатысады;
  • Филиал бойынша жолаушылар пойыздарының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ай сайынғы (үдемелі қорытындымен) талдауды жасайды және ОА-ға жолдайды;
  • Филиал қызметкерлерінің кінәсінен болған қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтарға (күйреулер, авариялар, оқиғалар, инциденттер), жұмыстағы ақаулық жағдайларына, жолаушылар пойыздарының кешігуіне, жүру жолында вагондардың бүлінуіне және ағытылуына ҚТЖ нормативтік актілерінде белгіленген мерзімдерде қызметтік тергеп-тексерулер жүргізеді;
  • қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтардың есебін жүргізеді, олардың туындау себептерін талдайды және оларға жол бермеу жөніндегі түзетуші және алдын алу іс-шараларын әзірлейді;
  • қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтарды тексеру және талдау нәтижелері бойынша ревизорлық аппараттың бұйрықтары мен актілерінде көзделген іс-шаралардың Филиал бөлімшелерінде уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
  • Филиал басшыларының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеке қатысуының бекітілген нормативтерінің орындалуына тексерулерді жүзеге асырады;
  • пойыздар қозғалысымен байланысты Филиал қызметкерлерінің ТПЕ, ПҚН және СН білуіне техникалық оқуды және мерзімдік сынақтарды (аттестаттауды) ұйымдастыру мен өткізу сапасын бақылайды;
  • пойыздар қозғалысының қауіпсіздігімен, жолаушылар жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсетумен және жөндеумен байланысты қызметкерлерді техникалық оқытуды ұйымдастыруға тексерулер жүргізуге қатысады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Сала мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі).
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр