Жобалауды ұйымдастыру қызметінің инженері

«Бутадиен» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
199

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • «Бутадиен және оның туындыларын өндіру» жобасы бойынша жобалық және жұмыс құжаттамасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру.
  • Тапсырыс беруші, EPC мердігері, жобалау ұйымдары, сараптама ұйымдары және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру.
  • Әртүрлі жобалық бағыттар (құрылыс, технологиялық, электротехникалық, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (БӨАжА), жылыту және желдету (ЖЖ), сумен жабдықтау және су бұру (СЖжСБ) және т.б.) мамандарының жұмыстарын үйлестіру.
  • Жобалық деректерге сәйкес технологиялық көрсеткіштерді талдауға қатысу.
  • Пайдалану рәсімдерін дайындауға қатысу.
  • Атқарушы құжаттаманың пайдалану қызметіне берілуін бақылау.
  • EPC мердігері, жобалау ұйымдары және консультанттар тарапынан жобалау кестелерінің орындалуын бақылау.
  • Тапсырыс берушімен, Бас жобалаушымен, Бас мердігермен және мемлекеттік органдармен техникалық кеңестерге қатысу.
  • Техникалық есептерді, презентацияларды, қызметтік жазбаларды және басқа да инженерлік құжаттаманы дайындау.
  • Жобалық шешімдерге байланысты тәуекелдерді талдау және оларды барынша азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.
  • Құрылыс алаңын жобалық шешімдерді қолдану және техникалық өзгерістер енгізу мәселелері бойынша консультциялау.

Талаптар:

  • Кәсіби білім – жоғары білім
  • Білім бағыты – инженерия, техника және технологиялар, өнеркәсіптік/азаматтық құрылыс саласында
  • Функционалдық бағыт бойынша тәжірибе немесе жұмыс өтілі – талаптар қойылмайды.

Шарттар:

  • Қабылдау 2027 жылы жоспарланған.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр