«Қазпошта» АҚ «Инфрақұрылымды басқару дирекциясы» филиалы Сұрыптау үдерістері басқармасы менеджері

«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
55

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1. ПСТУ/АЛО «Оңтүстік» нысанында пошта жөнелтілімдерін өңдеу/сұрыптау бойынша өндірістік процестерге мониторинг жүргізу және белгіленген рәсімдердің сақталуын қамтамасыз ету.
    2. Пошта жөнелтілімдерін дайындау және жөнелту кезінде пошталық ыдыстар мен контейнерлерді (көп рет қолданылатын көліктік қаптамаларды) пайдалануды қадағалау.
    3. Бюджетті жоспарлау процесі барысында көп рет қолданылатын көліктік қаптамаларға қойылатын талаптарды Компанияның тиісті құрылымдық бөлімшесімен келісу.
    4. Жаңадан сатып алынған көп рет қолданылатын көліктік қаптамаларға штрих-кодтар тағайындау.
    5. Жаңа көп рет қолданылатын көліктік қаптамаларды IS PUS (Пошта қызметтерін басқарудың ақпараттық жүйесі) дерекқорында тіркеу.
    6. Филиалдар бөлінісіндегі шығыс ыдыстардың (қаптардың/контейнерлердің) көлемі туралы ай сайынғы деректерді жинақтап, Компанияның тиісті құрылымдық бөлімшесіне ұсыну.
    7. Филиалдарға өңдеу/сұрыптауға қатысты операциялық процестер бойынша кеңес беру.
    8. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша филиалдармен өтетін онлайн жиналыстарға қатысу.
    9. Компанияның тиісті құрылымдық бөлімшесімен бірлесе отырып, өз жауапкершілік аясына кіретін мәселелер бойынша филиалдарға арналған оқыту материалдарын дайындау және оқыту іс-шараларын өткізу.

Талаптар:

  • Бейіні бойынша жоғары білім: байланыс және/немесе логистика, және / немесе экономика,және / немесе қаржы, және / немесе құқықтану және / немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар
  • Осы лауазымның және/немесе "Қазпошта" АҚ бағыттарына сәйкес облыстардағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес

Шарттар:

  • Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.
  • Астана қаласы, Нарикбаев көшесі, 2