Станция диспетчері Сыныбы жоқ станция Шу станциясы Магистральді желі Жамбыл бөлімшесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральді желі дирекциясы»

320 110 - 335 395
Жамбылское отделение магистральной сети Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
193

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. Станциядағы пойыз қозғалысын басқарады, техникалық пайдалану ережеліне (әрі қарай – ТПЕ), пойыз қозғалысы және маневр жұмыстары туралы нұсқаулыққа (әрі қарай – ПҚМН), сигналдау туралы нұсқаулыққа (әрі қарай – СТН), теміржолдардың техникалық тарату актісіне (әрі қарай – ТТА) және станцияның технологиялық процессіне сәйкес қозғалыс қауіпсіздігін және маневр жұмыстарын қамтамасыз етеді;
2. Станцияның қабылдау-жіберу жолдарында пойыздарды қабылдау, жіберу және маневр жұмыстарын басқарады;
3. Пойыз қозғалысы жағдайын және станциядағы нақты жағдайды бағалайды, осыған байланысты пойыздар қозғалысын және маневр жұмыстарын ұйымдастыру бойынша оңтайлы шешімдер қабылдайды;
4. Стрелкалар мен сигналдардың электрлік централды басқару пульті арқылы пойыздарды қабылдау, жіберу, өткізу және маневрлік қозғалыстарға арналған маршруттарды дайындау операцияларын орындайды немесе маршрутты дайындау туралы нұсқаулықты парк дежурлыларына береді;
5. Берілген нұсқаулықтардың дұрыс орындалуын басқару аспаптарының көрсеткіштері немесе орындаушылардың баяндамалары бойынша, сондай-ақ құрамдар мен вагондарды станция жолдарына ТТА-да бекітілген тәртіп пен нормаларға сәйкес тежегіш құрылғылар арқылы бекітуді бақылайды;
6. Пойыз диспетчерінің пойыздар қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша нұсқаулықтарын орындайды, көршілес станциялардың дежурлыларымен, локомотив және басқа да подвижді құрам жүргізушілерімен станция аумағында және оған іргелес жатқан перегоңдарда байланыс жүргізеді;
7. Қабылдау-жіберу жолдарының алынған есебін дәл жүреді, жарылғыш материалдарға (әрі қарай – ЖМ) жүктелген вагондары бар пойыздардың орналасу есебін жүргізіп, оларға бақылау жүргізеді.

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе одан кейінгі)
Мамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты басқару және көлікті эксплуатациялау (теміржол көлігі) **Білімі:** орта (техникалық және кәсіби) Мамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша); Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
Жұмыс тәжірибесі: - жоғары білімі бар мамандар үшін кемінде 2 жыл, соның ішінде: станцияның централданған постының диспетчері / парк диспетчері / 2-3 сыныптың станция диспетчері / 4-5 сыныптың станция басшысы / сортировка сәулесінің диспетчері / пойыз құраушысы / станция операторы лауазымдарында; - орта (техникалық және кәсіби) білімі бар мамандар үшін кемінде 3 жыл, соның ішінде: станцияның централданған постының диспетчері / парк диспетчері / 2-3 сыныптың станция диспетчері / 4-5 сыныптың станция басшысы / сортировка сәулесінің диспетчері / пойыз құраушысы / станция операторы лауазымдарында.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру