Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман Корпоративтік қауіпсіздік бөлімі
Міндеттері:
1. Корпоративтік қауіпсіздік бөлімінің бастығымен келісім бойынша ақпараттық қауіпсіздікті (АҚ) қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау.
2. Ақпараттық жүйелердің қорғалатын объектілерін, қауіптерін және осалдықтарын анықтау, АҚ тәуекелдерін бағалау және қайта бағалау, тәуекелдердің иелерін тағайындау.
3. Қауіптерді анықтау әдістері мен құралдарын, рұқсатсыз қолжеткізуден қорғау және АҚ инциденттеріне ден қою (реагирование) тәсілдерін айқындау.
4. Оқиғалар журналы мен пайдаланушылар әрекеттерін мониторингтеу және талдау, ден қою шараларын қабылдау және анықталған осалдықтар туралы басшылықты хабардар ету.
5. АҚ бойынша нұсқаулықтарды және персоналдың қорғалатын объектілерге қолжеткізу тізімдерін әзірлеу, нұсқамалар жүргізу, ақпараттық-техникалық қорғаныс құралдарын енгізуге қатысу.
6. Телефондарды, ноутбуктерді және фотоаппараттарды алып өту мен пайдалануға рұқсат беру журналын жүргізу. Қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажет білім:
— ҚР заңнамасы және құзырет шегінде қауіпсіздік пен ақпаратты қорғау мәселелері бойынша ішкі құжаттар, еңбек заңнамасының негіздері;
— кәсіпорынның объектілерін, персоналды және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау қағидаттары;
— ақпаратты қорғау, қолжеткізуді бақылау және мониторинг құралдарының тағайындалуы мен сипаттамалары;
— кіріктірілген менеджмент жүйесіне, еңбек қауіпсіздігіне, өнеркәсіптік, өрт және газ қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
Міндеттерді орындау үшін қажет дағдылар:
— қауіптер мен осалдықтарды анықтау, АҚ тәуекелдерін бағалау және қайта бағалау;
— оқиғалар журналы мен пайдаланушылар әрекеттерін мониторингтеу, бұзушылық белгілерін анықтау және талдау;
— инциденттерді анықтау және тежеу, олардың себептерін жою және жүйелердің жұмысын қалпына келтіру;
— қорғау шараларын айқындау, соның ішінде пайдаланушыларды идентификациялау және аутентификациялау, олардың әрекеттерін тіркеу және рұқсатсыз қолжеткізудің алдын алу;
— нұсқаулықтар мен қолжеткізу ережелерін әзірлеу, қызметкерлерге нұсқамалар жүргізу.
Үміткердің ерекше дағдылары
АҚ оқиғаларын талдау кезіндегі мұқияттылық, құпия ақпаратпен жұмыс істеудегі ұқыптылық, талдау қорытындылары мен ден қою шараларын түсінікті түрде баяндау қабілеті.
Компьютермен жұмыс істеу дағдылары және бағдарламалық өнімдерді білу
Ақпаратты мониторингтеу және қорғау құралдарымен (SecureTower, Zecurion, Kaspersky немесе баламалар) және серверлерді мониторингтеу мен журналдарды талдау құралдарымен (Cacti, Nagios, Icinga немесе баламалар) жұмыс істеу.
Талаптар:
- Білімі - Жоғары білім.
- Кәсіби білім мен дағдылар - Мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі. АҚ тәуекелдерін бағалау, оқиғаларды талдау және инциденттерге ден қою дағдылары.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Ұқсас вакансиялар