Мынарал стансасындағы түйспелі торап электржөндеушісі

289 408 - 308 291
Сары-Шаганская дистанция электроснабжения Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
93

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:


электрмен жабдықтау құрылғылары мен контакт желісінің ағымдағы күтімі мен жөндеу жұмыстарын басқару.
Қызмет көрсетілетін жабдықтар мен құрылғылардың техникалық жағдайына бақылау.
Жұмыс орнының дұрыс қоршалуын және пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Контакт желісін реттеу және түйіспе стансалары мен сорттау стансаларындағы, жоғары кернеулі желілердегі, контакт желісінің тіректеріне ілінген желілердегі барлық жұмыстарға техникалық бақылау жасау;
Бұзылуларды анықтау және жою, жабдықты монтаждау және демонтаждау, контакт желісі құрылғыларын реттеу, уақтылы түрде жөндеу және профилактикалық сынақтар жүргізу;
Эскиздер мен суреттерді түсіру және жасау;
Жиналмалы тіректерді, икемді көлденең брустарды, тіреулерді, консольдерді, кронштейндерді, бекіткіштерді, секциялық изоляторларды және ілгіш бөлшектерді орнату және ауыстыру;
Ток түсіруді тексеру;
Дистанциялық басқарумен жабдықталған секциялық ажыратқыштардың жұмысын, тіреу тіректерінің және ток қабылдағыштың изоляциясын тексеру;
Дистанциялық басқару аппаратурасын орнату және монтаждау;
Жоғары кернеулі желілерді, автоматты блоктандыруды, толқын жетектегіштерді, контакт желісінің тіректеріне ілінген және жеке тұрған тіректердегі күтім мен жөндеу;
Электр желілері мен құрылғыларын аралау және оларды машинист кабинасынан немесе вагоннан қарап тексеру;
Негіздердің, тіреулердің және тіректердің төменгі бөлігінің жағдайын тексеру;
Ақаулардың пайда болу мүмкіндігін болдырмау және олар пайда болған жағдайда, оларды тез анықтау және жою үшін қажетті шаралар қабылдау. РКС бастығы мен энергетикалық диспетчерге дереу хабарлау;
Белгіленген технология мен қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жұмыс орындау, жұмысқа жарамды құралдар, құрылғылар, қорғау құралдары мен материалдарды пайдалану, сондай-ақ осы мақсаттарға бөлінген материалдық ресурстарды дұрыс пайдалану;
Диагностикалық аппаратураны пайдалану арқылы контакт желісі құрылғыларын диагностикалау;
Қорғау құралдары мен құрылғыларын жүйелі түрде тексеру;
АБС-нің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оның тиімділігін үнемі жақсарту, АБС талаптарын орындау;
Қауіптерді анықтау, бағалау және басқару бойынша жұмыстар жүргізу.
Экшн-камераларды пайдаланғанда, бейне түсіру процесіне жеке жауапкершілік жүктеледі, сенсорлық дисплейдегі күні мен уақытының дұрыс екені тексеріледі.
Жұмысқа рұқсат берілген жағдайда бейне түсіру жүйелі түрде, үзіліссіз, ұйымдық-техникалық шаралардың және технологиялық процестің толық қамтуымен жүргізілуі тиіс.
Түсіру вибрациясыз және кедергісіз болуы тиіс.

Біліктілік талаптары:

Білімі: орта білім, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық.
Жұмыс тәжірибесі: жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Орыс тілі (Бастапқы)