Аға бухгалтер (салық есебі)

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
24

Қаралған саны:
1862

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • Қолданылатын тәртіптемелерге сәйкес резиденттер мен резиденттер еместердің табыстарының төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есептерді (101.03, 101.04-Үлгісі), жеке табыс және әлеуметтік салықтар бойынша декларацияларды (200.00, 210.00-Үлгісі), келісім‑шарттық және келісім‑шарттан тыс қызмет бойынша ҚҚС (300.00-Үлгісі) және КТС (100.00 және 110.00-Үлгісі) қоса алғанда СЕӨЖ арқылы одан әрі жасау және жөнелту мақсатында салықтарды есептеу үшін салық базасын талдау және дайындау. Салық тіркелімдерін және салық есептілігінің түсіндірмелерін жасау;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ шоғырландырылған жедел есептемесі үшін салықтар, кедендік алымдар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер жөнінде ай сайынғы, тоқсандық және жылдық деректерді дайындау және ұсыну;
  • Бухгалтерлік бағдарламада қызмет көрсетушілермен ТЖҚ-ді сату және түсімдер бойынша салық шот-фактураларын тіркеу журналының дұрыс және уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету. Кейінге қалдырылған салық активтері/міндеттемелері, ҚР резиденттеріне және резидент еместеріне төленген кірістер бойынша КТС, ҚР үлесі бойынша есептелген міндеттемелер бойынша операцияларды көрсету;
  • Салық амортизациясын қолдану және КТС бойынша шегерімге жатқызу мақсаттары үшін салық есептілігінде деректерді көрсету үшін Оператор ұсынған FAR есебін салыстырып тексеру, талдау және бақылау;
  • Басшының талаптары мен сұрау салулары бойынша жедел салық деректерін ұсыну;
  • Резидент емес контрагенттерден салықтық тіркеу туралы, соның ішінде Өкілетті орган үшін сертификаттардың уақтылы ұсынылуына бақылау жасау;
  • Салықтық тексерулер жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен өзара әрекеттестік;
  • Жылдық тексерулер жүргізу кезінде аудиторлармен жұмыс, барлық сұратылған ақпаратты, құжаттарды ұсыну және қорытынды есепті дайындауға қатысу;
  • Салық есептерін рәсімдеу, оларды жүйелеу, сақтау және мұрағатқа тапсыру;
  • Бухгалтерия қызметіне тән тәуекелдерді анықтау, бағалау және өзектілігі бөлігіндегі ақпарат жинағы.
Біліктік талаптары:
  • Жоғары қаржы-экономикалық білімі
  • Компаниялардың бухгалтерияларында кемінде 2 (екі) жыл жұмыс істеген/Big 4
  • Осы лауазымда жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті ҚР заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу, соның ішінде, бірақ шектелмей, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, ҚР Салық кодексі;
  • Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық мәліметтерді білу;
  • Бухгалтерлік есеп бойынша әдістемелік және нормативтік мәліметтерді білу;
  • Бухгалтерлік есепке қойылатын халықаралық талаптарды, соның ішінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білу;
  • Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп үлгілері мен әдістерін білу;
  • Есепшоттардың жоспары мен хат алмасуларын білу;
  • Бухгалтерлік есеп бөлімдері бойынша құжат айналымын ұйымдастыруды білу;
Жұмыс шарттары:
  • Жұмыс тәртібі - 5/2

Қажетті қабілеттер

  • Навыки подготовки презентаций
  • 1С Бухгалтерия,Word, Excel
  • навыки планирования
  • навыки работы с деловой документацией и корреспонденцией
  • навыки подготовки отчетов

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)