БЕжЕББ Бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы
«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Қызмет, байланыс, коммуналдық қызмет, сондай-ақ байланысты тараптармен көрсетілген қызметтер жеткізушілерімен есеп айырысудың есебін жүргізеді, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша шығыстарды бухгалтерлік есепте уақтылы көрсетеді;
- Тоқсан сайын қызмет жеткізушілермен салыстыру актілерін жасайды;
- Құжаттарды уақтылы және сапалы жасайды, деректерді бухгалтерлік есепте уақтылы көрсетеді;
- Бас кеңсе бойынша негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің есебін жүргізеді;
- Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және ӨД-де аяқталмаған құрылысты есепке алуға бақылау жүргізеді;
- Пайдаланушылар үшін негізгі құралдар бойынша жиынтық ақпаратты дайындайды;
- Негізгі құралдарға, материалдық емес активтер мен аяқталмаған құрылысқа түгендеу жүргізуге қатысады, оның нәтижелерін бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетеді, Бас кеңсе бойынша НҚ жетіспеушілігі, ұрлануы, бүлінуі бойынша материалдарды ресімдейді;
- Бас кеңсе бойынша ақша қаражатын және бағалы қағаздарды қабылдау, беру және сақтау бойынша операцияларды жүзеге асырады;
- Қызметкерлерге жалақы, сыйлықақы, іссапар және басқа да шығындарды төлеу үшін банк мекемелерінде белгіленген тәртіпке сәйкес ресімделген құжаттар бойынша ақша қаражаты мен бағалы қағаздарды алады;
- Кіріс және шығыс құжаттары негізінде кассалық кітапты жүргізеді, ақша сомасының нақты бар-жоғын кітап қалдығымен салыстырып тексереді;
- Ескі купюралардың, сондай-ақ жаңасына ауыстыру мақсатында оларды банк мекемелеріне беру үшін тиісті құжаттардың тізімдемесін жасайды;
- Белгіленген тәртіпке сәйкес инкассаторлардан ақша қаражатын қабылдайды;
- Кассалық есептілікті құрастырады;
- Бухгалтерлік және салықтық есептер мен құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, оларды мұрағатқа тапсыру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді;
- Бас бухгалтердің, бас бухгалтердің орынбасарының және бөлім бастығының басқа да тапсырмаларын орындайды.
Талаптар:
- Жоғары қаржы-экономикалық білім.
- Қаржылық-бухгалтерлік жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
- «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңын; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін; қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын (ХҚЕС) және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі басқа да әдістемелік, нормативтік материалдарды білу.
- Excel, Word, 1С ӨКБ, ДК жұмыс істеу дағдылары;
- Командада жұмыс істей білу;
- Excel кестелерімен жұмыс істей білу;
- Стресске төзімділік;
- Хат жазу дағдылары;
Еңбек жағдайы:
- Жұмыс кестесі: 08.00-17.00 (дүйсенбіден жұмаға дейін)
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "көпфункционалды қызмет көрсету орталығы"филиалының Алматы ст. есепке алу тобының бастығы
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
27.04.2026 | 494
552 225 - 600 780
"ҚТЖ "ҰК" АҚ- "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының Қостанай бөлімшесінің 1-санаттағы бухгалтері
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» | Қызметкер болмаған кезде
| Қостанай қ.
06.05.2026 | 230
от 320 109
Орталық бухгалтерия ХҚЕС секторының бас менеджері
«Интергаз Орталық Азия» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
05.05.2026 | 4775