Басқарма Төрағасының дамыту және күрделі құрылыс жөніндегі орынбасары

Жалақы көрсетілмеген
АО «Алатау Жарық Компаниясы» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
1386

   Конкурс туралы

Біліктілікке қойылатын талаптар:

1.Жоғары кәсіби (техникалық) білімі болуы тиіс;

2.Күрделі құрылыс саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы керек.

Функционалдық міндеттері:

- Қоғамның тиісті кезеңге арналған Даму стратегиясын, тиісті кезеңге арналған Корпоративтік басқару жоспарын әзірлеу және іске асыру;

- Қоғамның инвестициялық бағдарламасын жоспарлау, талдау, ағымдағы кезеңдегі инвестициялық бағдарламаның іске асырылуын бақылау, уәкілетті органдармен және Жалғыз акционер – «Самұрық-Энерго» АҚ-мен  инвестициялық бағдарламаны түзету және келісу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

- жетекшілік ететін бөлімшелерде еңбекті қорғау және өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау жөніндегі ережелер, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптарын сақтау бойынша жұмысқа ұйымдастырушылық-техникалық басшылық жасау;

- ИСМ және СУР енгізу және сүйемелдеу, Қоғам дамуының басым бағыттарын анықтау;

- Қоғамның Корпоративтік даму және инвестициялық қызмет мәселелері бойынша үшінші тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда Қоғам өкілі болу;

- Қоғам берген техникалық шарттар бойынша орындалған жобаларды келісу мәселелері бойынша бөгде ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Қоғам мүдделерін білдіру;

- электр тораптық  объектілерді жобалау үшін техникалық шарттар беру мәселелері бойынша өзара қарым-қатынастарда Қоғам мүдделерін білдіру;

- энергетикалық объектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығының мониторингтеу; - жетекшілік ететін мәселелер шеңберінде тексерулер тағайындау;

- күрделі құрылыс объектілерінің №КС-3 нысанында орындалған жұмыстардың құны туралы анықтамаларға қол қою;

- «АЖК» АҚ СД бекіткен КПД картасына сәйкес мақсатты мәндерімен КПД көрсеткіштері үшін дербес жауапты болу;

- жұмыс/қызмет бағасының маркетинг рәсімдерін жүргізуге жауапты болу және бақылауды жүзеге асыру.

  Сондай-ақ хабарлаймыз, кандидаттар полиграфтан арнайы тексеруден өтеді. 

Туындаған сұрақтар бойынша 8(727) 3761876 телефонына хабарласуға болады

 

Қажетті қабілеттер

  • Иметь стаж работы на руководящих должностях в области капитального строительства не менее 5 лет

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр