Қолданыстағы нысандарды жаңғырту жобасын жүзеге асыру тобының жетекшісі (Теңіз кешені)

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
1074

   Конкурс туралы

Талаптар (міндетті):

  • барлау және игеру кезеңдеріндегі мұнай-газ нысандарын, соның ішінде теңіз нысандарын жобалау және пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесі;
  • ДЕҚОҚ саласында көшбасшылық қасиет таныту;
  • бірлескен кәсіпорындарда / Консорциум бойынша серіктестерде теңіз кешені (қолданыстағы нысандарды жаңғырту) жобаларын басқару бойынша іс жүзіндегі расталған тәжірибесі; құрлық кешендерінде жұмыс істеген қосымша тәжірибесінің болуы артықшылық болып саналады;
  • қолданыстағы нысандарды жаңғырту жобасын жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде жетекші лауазымда жұмыс істеген тәжірибесі;
  • ДЕҚОҚ-ты, белгіленген мақсатқа сәйкес шешімдер қабылдауды, нәтижелілік пен экономикалық тиімділікті қамтамасыз ете отырып жобаларды басқару жұмыстарын жетілдіру бойынша расталған жұмыс тәжірибесі;
  • көпұлтты және көп бейінді ортада тиімді қарым-қатынас жасау және біріктіру және коммерция саласы бойынша өте жақсы біліміне қоса ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу қабілеті. 

Білімі:

  • тиісті инженерлік салада білімі;

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі:

  • геологиялық барлау және өндіру кезеңінде күкіртсутегі мөлшері жоғары ортада күрделі / қолданыстағы нысандарды жаңғырту жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша 4 жыл жұмыс тәжірибесі;

Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі:

  • мұнай-газ жобалары шеңберіндегі инженерлік-техникалық, пайдалану немесе құрылыс жұмыстарының жетекшісі лауазымында кемінде 6 жыл жұмыс тәжірибесі;

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім, дағдылар:

  •  ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде анық және еркін сөйлеу және жазу дағдылары ерекше қошталады;
  • өзіне сенімді болу: қойған мақсаттарға қол жеткізем деп өзіне өзі сенімді болу, мәдени ерекшеліктерді ескеру және хабардар болу арқылы күшті көшбасшылық және қарым-қатынас жасау дағдыларын пайдалану; жаңа тәсілдер мен әдістерді ұсыну; және жұмыстарды орындаудың жақсырақ, тиімдірек және мейлінше арзанырақ әдістерін дайындау;
  • қарым-қатынас жасау: жақсы қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болу, жобаға жұмылдырылған мамандардың әзірленімдер мен жоспарлар туралы хабардар боп отыруын қамтамасыз ету, өзгелермен әңгімелесу және байланысу кезінде өз ойын анық жеткізу қабілеті және ойларын жазбаша түрде түсінікті де нақты жеткізе білу.
  • өзгелерге ықпал ете білу: ықпал ету арқылы жұмыс істей білу және идеялар, ұсыныстар, жобалар мен шешімдер бойынша өзгелердің қолдауына ие болу қабілеті және стандарттарын жүйелі қолдану мақсатында көпбейінді қызметтерді басқару және қызметтегі мамандармен тез қарым-қатынас жасау қабілеті.
  • тиянақтылығы: тапсырмаларды уақтылы орындау бойынша расталған қабілеті, жұмыстың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін процедуралар белгілеу (мысалы, тексеру жиналыстары), ықтимал қиыншылықтарды алдын ала болжайды және әрекеттену жоспарларын әзірлейді.
  • икемділік: жаңа ұйымдық құрылымдарға, процедуралар мен технологияларға дайындығын көрсету;
  • Компанияның және халықаралық инженерлік жобалау стандарттары, озық тәжірибесі мен жүйесі жөнінде білімі және оларды Қашаған кен орнын игеру жұмыстары барысында қолдану;
  • PMP, IAPM, CPP немесе сол сияқты халықаралық ЖБ сертификатына иелік ету; • жобаның әртүрлі кезеңдеріндегі жүзеге асыруды бақылау және нормативтік-техникалық процестер бойынша жан-жақты түсінігі; ҚР нормативтік процедураларын білуі артықшылық болып саналады;
  • MS Office / SAP (мысалы, MS Project / Primavera) сияқты стандартты компьютерлік бағдарламаларын жетік білу/ қолдану дағдылары және кесте құру бағдарламасының ақтық-жобалық құжаттамасын түсіндіре білу. 

Лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • тағайындалған жобалардың барлық кезеңдерінде ДЕҚҚОҚ-қа қатысты жоғары стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • тағайындалған жобалардың сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде белсенді көшбасшылық жасай білу;
  • сатып алу, құрылыс және қосу-реттеу жұмыстары барысында техникалық кеңес беру және қолдау көрсету, келісімшарт талаптарына сәйкес жұмыстардың сапасы мен шығын көлемін бақылауды қамтамасыз ету;
  • (бастапқы) негіздік жобалау және жұмыстық жобаны әзірлеу, құрылыс және қосу-реттеу/іске қосу жұмыстары арқылы тағайындалған жобалардың ҚР және Компания нормалары мен стандарттарына сай және де өнімділікті, пайдалануға жарамдылықты, жөндеуге жарамдылықты және сенімділікті қамтамасыз ету тұрғысындағы өндірістік қажеттілікке сәйкес уақтылы және бюджет шеңберінде тиімді жүзеге асырылуын басқаруға жетекшілік ету;
  • озық тәсілді қолдана отырып, негіздік жобалауды анықтау және клиенттік келісім бойынша топқа жетекшілік ету;
  • қолданыстағы нысандарға және ұсынылған жоба алаңдарына бару, жобаларды өзгерту талаптарын қарау, өзгерту туралы ұсыныстарды, жүзеге асыру жоспарларын әзірлеу және мақұлдауды қамтамасыз ету;
  • жобаны өзгерту туралы ұсыныстар бойынша жұмыс көлеміндегі, шығындар мен мерзімдердегі өзгерістерді басқару және қадағалау;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)