Жоба шеңберіндегі қарым-қатынастар бөлімінің бастығы

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
26

Қаралған саны:
1397

   Конкурс туралы

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

  • инженерлік-техникалық мамандық бойынша жоғары білімі және танымал ұйымның кәсіби біліктілігі;
  • мұнай және газ саласындағы жобалар мен өндірістік операциялар бойынша кемінде 8-10 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • ДЕҚҚОҚ бойынша жетекшілік ету және ДЕҚҚОҚ саласындағы көрсеткіштерге қол жеткізу;
  • біліктілікті дамыту, тәлімгерлік ету және жергілікті қамту және шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру мәселелеріне құштарлық таныту;
  • жобаларды жүзеге асыру кезінде бизнестің тиімділігін арттыру тәжірибесі;
  • білікті мамандар қорын басқару тәжірибесі.
  • жергілікті қамтуға ықпал етуші факторлар мен басқару тәртібін білу.

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім, дағдылар:

  • НКОК акционерлері мен «PSA» ЖШС-ін білу және осы мүдделі тараптардың Операторды қалай басқаратынын білу;
  • НКОК-тағы өндірістік-технологиялық байланыстар мен анықтаушы факторларды түсіну; Мердігер компанияларға және ҚР-ға қатысты негізгі мәселелерді білу; Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісімді, жоба экономикасын білу - «кост ойл», «профит ойл»;
  • барлау және өндіру нысандарын жобалау бойынша білімі;
  • мұнай және газ жобаларын жүзеге асыру бойынша білімі;
  • мүдделі тараптармен қарым-қатынас жасау бойынша дағдысы.
  • ҚР заңнамасының құрылымын, әртүрлі деңгейдегі құжаттарды әзірлеу иерархиясы мен принциптерін, құқықты қарапайым деңгейде түсіну, іс жүргізу нормаларын білу.

Лауазымдағы функционалдық міндеттер:

- жобаға қатысты инженерлік-техникалық жұмыстар кезінде қарым-қатынастарды басқару бойынша тапсырылған жауапкершілікті орындау; жоба шеңберіндегі инженерлік-техникалық жұмыстар жөніндегі менеджердің қойған мақсаттары негізінде жұмыс кестесін құру; барлық жұмыстарды өз бетінше немесе басқа қызметкерлердің көмегімен орындау; үздік инженерлік бағалау әдістерін, кәсіби біліктілігі мен білімін қолдана отырып, техникалық шешімдер қабылдау;

- тиісті сала мамандарының, жоба менеджерлерінің, жоба жетекшілері тобының және Компанияның жоғары басшылығының қолдауымен тиісті ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен, Консорциум бойынша серіктестермен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру, үйлестіру, ықпал ету, жүзеге асыру; қажет болған жағдайда қажетті сала мамандарының жоғары басшылықтың өзара әрекеттестігін үйлестіру;

- қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік өкілетті органдарға ресми хаттар әзірлеу және ұсыну;

- жоба бойынша, әсіресе күкіртті газ іріктеуші үшінші тарапқа қатысты барлық негізгі қарым-қатынастардың анықталуын және басқарылуын қамтамасыз ету;

-  әртүрлі келісімдер алу мәселелеріне қатысты жергілікті билік органдарымен болатын талқылаулар кезінде қажетіне қарай техникалық қолдау көрсету;

- инженерлік-техникалық жұмыстар жөніндегі және атқарушы мердігерлердің сала бойынша ҚР Өкілетті органдарымен, қосалқы мердігерлермен қарым-қатынастарды басқару шараларын бақылау;

- қарым-қатынастарды басқару жоспары мен тізілімін әзірлеуге және жүргізуге жауапкершілік атқару;

- мүдделі тараптармен қарым-қатынас жасау жоспарын әзірле мен оны жүргізуге, және қоршаған ортаға әсерді бағалау/қоршаған ортаға, әлеуметтік сала, денсаулыққа тиетін әсерді бағалау құжаттамасын әзірлеуге жауапкершілік атқару;

- техникалық және жүзеге асыру мәселелері бойынша қарым-қатынастарды басқаруға құрылымдалған тәсілдеменің қолданылуын қамтамасыз ету; бұл міндеттер төмендегіні қамтиды, бірақ олармен ғана шектелмейді:

  • техникалық мәселелер;
  • қоршаған ортаны қорғау;
  • нормативтік-құқықтық сәйкестікті;
  • жер пайдалану.

- байланыстар/қарым-қатынастарды басқару бойынша алынған сабақтар мен үздік тәжірибелердің жобаға қолданылуын қамтамасыз ету;

- жобаны басқарудың тиімді жүйесін қолданысқа енгізу және жобада пайдалану үшін нормалар мен стандарттарды ақырғы рәсімдеу бастамаларын қолдау;

- жоба бойынша жергілікті қамту жоспарын жүзеге асыру барысында тиісті техникалық қолдау көрсету;

- жобаның тиісті кезеңдері бойынша барлық нормативтік-техникалық жұмыстардың (ЖТҚ/ҚОӘБ) басқарылуын және ақтылы аяқталуын қамтамасыз ету.

- өзгерістерді басқару кезінде қарым-қатынастар мен техникалық мәселелер жөніндегі қарым-қатынастарға ерекше көңіл бөлінуін қамтамасыз етуге жауапкершілік атқару

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)