Жоба қауіпсіздігін қамтамасыз ету тобының жетекшісі

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
1107

   Конкурс туралы

Лауазым иесінде болуға тиісті біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

  • тиісті инженерлік-техникалық (мысалы, денсаулық пен еңбек қорғау / инженерлік механика / химиялық технология/ жалпы құрылыс жұмыстары немесе ұқсас) сала бойынша жоғары білімі;
  • ерекше жағдайда қарастырылуы мүмкін қауіпсіздік саласындағы немесе оған қатысты ілеспе сертификаттармен бірге тиісті сала бойынша жеткілікті жұмыс тәжірибесі;
  • мұнай және газ немесе мұнай-химия саласында, өндірістік алаңдағы басшылық лауазымда кемінде 10-12 жыл жұмыс тәжірибесі, соның ішінде:

- жобаны басқарудың ДЕҚҚОҚ аспектілері бойынша қолдау көрсетуге қатысты тәжірибесінің болғаны лазым;

- бір мезгілде орындалатын операцияларды басқару процедураларымен жұмыс істеген тәжірибесінің болғаны абзал;

- ЖРҚ процедураларымен істеген жұмыс тәжірибесі;

- апаттық және жазатайым оқиғаларды тергеу жұмыстарын әзірлеу және жүргізу бойынша тәжірибесі;

- өртке қарсы және қорғаныс жабдықтары туралы хабардарлығы;

- ТЖ жою процедуралары жөнінде білімі болғаны лазым;

- күкіртті сутегінің мөлшері жоғары ортада жұмыс атқару жөніндегі біліктілігі;

- қатерлерді бағалау процедуралары (қауіп-қатер көздерін және пайдалануға жарамдылықты талдау / қауіпті факторларды анықтау) бойынша хабардарлығы;

- ДЕҚҚОҚ деректерін басқару бойынша білімі;

- қауіпсіздікке қатысты мемлекеттік және халықаралық заңдар мен нормативтік талаптар бойынша білімі;

- ДЕҚҚОҚ көрсеткіштері бойынша есеп беру және статистикалық бағдарламалар жиынтығын қолдану тәжірибесі;

- ДЕҚҚОҚ мәдениетін жетілдіру шаралар бойынша тәжірибесінің болғаны абзал; 

- мердігерлердің ДЕҚҚОҚ саласындағы қызметін басқару бойынша тәжірибесі не хабардарлығы

Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:

  • көрсеткіштерді жақсарту - компанияның жұмыс бөлімшелерінен тыс ұйымдық көрсеткіштерді жақсарту;
  • жалпы ұйым шеңберінде жұмыс істеу - жалпы ұйым шеңберінде өзара әрекеттестікті қалыптастыру;
  • бизнеске бағытталу - үлкен мүмкіндіктер әзірлеу және қолдану;
  • адамдарға жетекшілік ету - топтың мәселеге жан-жақты қарауына көмектесу;
  • өзгерістерге икемділік - Өзгерістер кезінде өзгелердің байсалдық танытуын қамтамасыз ету;
  • іскерлік әдеп және нормаларға сәйкестік талаптарын сақтауды мақсат тұту;
  • өзара әрекеттесу және өзгелермен сыпайы қарым-қатынас жасау қабілеті;
  • мәселелерді талдау және шешу дағдысы;
  • ауызша және жазбаша жақсы қарым-қатынас құрумен қатар, адамдармен жақсы қатынас жасау дағдылары;
  • жобаның / бөлімнің арнайы бизнесті дамытушы факторларын (қауіпсіздікті қоса алғанда) және әсерлерін түсіне білу және болжай білу;
  • бастамашыл болу және басқаларды ынталандыру қабілеті;
  • стратегиялық ойлау, қарым-қатынастарды нығайту, қызметкерлердің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру, мінез-құлқының салдарын талдау үшін қызметкерлерді тарту қабілеттілігі, бизнес-процесс тұрғысынан қауіпсіздік процестері тұжырымдамаларына басымдық беру және өзара сенім мен құрметтеуді қалыптастыру мүмкіндігі сияқты мықты жетекшілік ету дағдылары;
  • жоғарғы деңгейдегі тіл табысу дағдылары: шығармашылық ойлауға серіктестерді тарту қабілеті; техникалық білімі мен еңбек және денсаулық қорғауға деген құштарлықты тиімді байланыстыру арқылы тиімді дәлелді шешімдер қабылдау қабілеті;
  • үздіксіз кәсіби дамуды растайтын құжаттарының болуы;
  • өнеркәсіпке қатысты қауіпсіздік ережелері, стандарттары, заңнамалар мен процедуралар бойынша іс жүзіндегі білімі болуы тиіс.

Лауазымдық міндеттері:

  • жоба басшылығына және персоналға жобаның ДЕҚҚОҚ мақсаттарына қол жеткізуге қолдау көрсету мақсатында акционерлердің арнайы білімі мен жобаның ДЕҚОҚ жөніндегі кадрлық ресурстарын жұмылдыра отырып, Жаңа жобалар директоратының ірі жобалары шеңберінде ДЕҚҚОҚ мәселелерінің барлық аспектілерін қадағалау;
  • жобалық топ мүшелерін өз басының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік атқаруға және НКОК-тың ДЕҚОҚ шеңберіндегі қауіпсіздікті қамтамсыз ету саясатын, процедураларын, ережелерін және жұмысты қауіпсіз орындаудың қабылданған әдістерін, сондай-ақ ҚР қолданыстағы ережелерін сақтауға ынталандыру және оқыту, бағдар мен нұсқау беру;
  • Жаңа жобалар директоратының ірі жобалары шеңберінде ДЕҚҚОҚ мәселелерінің барлық аспектілерін жоба нысандарында немесе басқа да алаңдарда қадағалау; ірі жобалар бойынша біріктірілген ДЕҚҚОҚ бағдарламасын әзірлеуге, құруға және енгізуге және басқаруға жауапкершілік атқару;
  • жобаның жоғары басшылығының көзқарас мен қатысуының арқасында ДЕҚҚОҚ саласында мінсіздікті қамтамасыз ету;
  • жұмыс орнында тиісті қауіпсіздік хаттамаларының орындалуын, оның ішінде персоналдың және мердігердің қауіпсіздік құралдарын дұрыс пайдалануын, мердігердің белгіленген қауіпсіздік және еңбекті қорғау хаттамаларын сақтауын бақылау және қадағалау;
  • өндірістік алаңдағы қауіпсіздікті тексеру шараларына жүйелі түрде (апта сайын) қатысу, көмектесу және/немесе жетекшілік ету, тікелей басшылықтың қатысуын қамтамасыз ету;
  • ДЕҚҚОҚ бағдарламаларының жалпы бағыттары мен басымдықтарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін мердігердің құрылыс жұмыстарына және қауіпсіздік мәселелеріне жауапты басшылығымен тығыз байланыста болу; 
  • үздіксіз жетілдіру мүмкіндіктерін анықтау үшін мердігердің ДЕҚҚОҚ жөніндегі топтарымен өзара әрекеттесу/қарым-қатынас жасау;
  • ДЕҚҚОҚ бойынша алынған сабақтар мен озық тәжірибелерді жинақтауға және жобалық топтарға таратуға жауапты болу;

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)