Лауазымдық жауапкершілік:
• Филиалдың бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі (бұдан әрі-БЕжәнеЕБ) басқарады, Серіктестіктің басшылығымен өзара іс-қимыл әрекеті, филиалдың басшыларымен мәселелер мен міндеттердінің орындалуын қадағалайды, БЕжәнеЕБ қызметкерлерінің даму процесін, еңбек тәртібін және БЕжәнеЕБ қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібін сақталуын бақылайды;
• БЕжәнеЕБ жұмысының перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеуді, қызмет бағыттарын анықтайды;
• БЕжәнеЕБ-нің жұмыс жоспары бойынша іс-шаралардың орындалуы, "ЖТИ-Зерде" жұмыс жоспарына енгізілген есептерді дайындауды жүзеге асыру;
• "ЖТИ-Зерде" филиалының бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмысты және ҚР заңнамасы мен ҚЕХС талаптарына сәйкес белгіленген есеп жүргізу нормаларының қатаң сақталуын ұйымдастырады және бақылайды;
• Функционалдық саясатты әзірлеуге және келісуге қатысады;
• Бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есептер мен төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуын, жалақы қорының жұмсалуын, негізгі құралдарға, тауар-материалдық құндылықтарға және ақша қаражаттарын түгендеп жүргізуді бақылауды жүзеге асыру;
• Бухгалтерлік есеп және есеп беру әдістемесін әзірлеуге қатысады;
• Бухгалтерлік есеп әдістеме бағыты бойынша барлық қажетті материалдармен, сыртқы және ішкі тексеру бойынша тексерушілердің, мәселелерді анықтау үшін бөлімшелермен өзара іс-қимылын уақтылы қамтамасыз ету процесіне қатысады;
• Салықтық іс-шараларды сәйкестендіру, бағалау және жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
• "ЖТИ-Зерде"филиалындағы бухгалтерлік құжаттаманың дұрыс және уақтылы рәсімделуін бақылауды жүзеге асыру.Білім:
Жоғары, Бухгалтерлік есеп және аудит, экономика, қаржы.Дағдылар:
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы, Азаматтық құқық негіздерін, ХҚЕС, бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды, статистикалық және басқарушылық есепті, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды, ережелерді білу;
- салық заңнамасын, салықтық есепке алу мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды білу, салықтық есепке алуды жүргізу және есептілікті жасауда терең білім мен практикалық дағдылардың болуы;
- типтік және стандартты емес шаруашылық операцияларды, шешімдерді қабылдау және олардың қаржылық және салықтық есептілікке әсерін талдау бойынша шешім қабылдай білу,
- ХҚЕС есепке алу стандарттарын және өндірістік бухгалтерлік және салықтық есепке алуды реттейтін ҚР нормативтік құжаттарын қолдану бойынша білімдері мен практикалық дағдыларының болуы;
- жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаттарын білу;
- ақша ағымдарын және қазынашылық операцияларды басқару, қаржылық, салықтық және басқарушылық есептілікті жасау және бақылау саласындағы процестерді ұйымдастыру тәжірибесі;
- 1С Бухгалтерия бағдарламасымен жұмыс істеу дағдылары.Қосымша:
Кәсіби сертификаттаудың болуы (ҚР Кәсіби бухгалтері және АССА ДипИФР (орыс.)
Функционалдық салада болмаған жағдайда МВА, ғылыми дәрежесінің/атағының немесе өзге де қосымша білімінің/сертификациясының болуыБілетін тілдер:
Мемлекеттік тілді білу