Бас менеджер

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
80

Қаралған саны:
2176

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Корпоративтік қаржы және қазынашылық саласындағы ең үздік тәжірибелерді әдіснамалық қамтамасыз ету және енгізу;
  • Есеп айырысу шоттарын басқару;
  • Төлемдердің уақтылығын бақылау;
  • Төлем күнтізбесін басқару;
  • Ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды жүзеге асыру;
  • Акцияларды есепке алу;
  • Іссапар шығыстары және өзге де шығыстар бойынша есеп беретін адамдармен есеп айырысуларды есепке алу.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • Экономика/ қаржы/ бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім
  • Қосымша білім ДипIFR (F7 (Eng/Rus) / ACCA/CPA
  • Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі 3 (үш) жылдан кем емес

Талап етілетін білім мен дағдылар:

  • Серіктестіктің өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер;
  • ХҚЕС бойынша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы нормативтік құжаттарды білу;
  • Еңбек заңнамасының негіздерін білу;
  • Еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын білу;
  • ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне қатысты мәселелер бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ, қаржы және бақылау-тексеру органдарының әдістемелік және басқа да материалдарын;
  • экономиканы, өндірісті, еңбек ұйымдастыруды және басқаруды;
  • есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдерін білу;
  • жедел және басқару есебін ұйымдастыру;
  • контрагенттер арасындағы міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру бойынша әдістемелік және нормативтік материалдарды білу және тиісті есептілікті жасау;
  • бухгалтерлік есеп нысандары мен әдістерін;
  • шоттар корреспонденциясының жоспарын;
  • міндеттемелерді есепке алуға байланысты операцияларды құжаттамалық ресімдеу және бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібін білу
  • есепке алу мен есептілікте көрсету мақсатында дебиторлық және кредиторлық берешекті, кірістер мен шығыстарды жіктеу қағидаттарын, активтер мен міндеттемелерді тану және бағалау өлшемдерін білу және практикада қолдана білу;
  • учаске бойынша үлгілік шаруашылық операцияларды және оларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібін білу;
  • бухгалтерлік және салықтық есепке алуды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық құжаттарының талаптарын, оның ішінде учаске бойынша бастапқы құжаттардың тізбесі мен сапасына қойылатын талаптарды білу;
  • Microsoft Office, SAP BPC кәсіби пайдаланушысы;
  • Қазақ/ орыс тілдерін еркін меңгерген, ағылшын тілін білу деңгейі «Intermediate» деңгейінен төмен емес.

Құзыреттілікке қойылатын талаптар:

  • Нәтижеге бағдарлану
  • Жауапкершілік
  • Командада жұмыс істеу
  • Коммуникация дағдылары
  • Өзгерістерді басқару