Ақпараттық қауіпсіздік департаментінің бас менеджер

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
62

Қаралған саны:
2208

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) ақпараттық жүйелердің, корпоративтік ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – КАЖ) сақталуын, ақпараттық қауіпсіздік режимінің сақталуын, жауапты бөлімшелердің/қызметкерлердің деректер қорын мұрағаттау, резервтік көшірмелерді құру функцияларын орындауын және олардың сақталуын бақылау;
2) антивирустық БҚ әкімшілендіру;
3) ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін жинау, өңдеу және тіркеу, инциденттердің орын алуының алғышарттарын анықтау, ақпараттық қауіпсіздік инциденттерінің жағымсыз салдарын барынша азайту/оқшаулау бойынша қажетті шараларды қабылдау;
4) Қоғамның КАЖ қауіпсіздігінің қатерлерін уақтылы анықтау (табу), оқшаулау және залалсыздандыру (салдарын жою);
5) Қоғамның КАЖ қызметіндегі қауіпсіздік қатерлерін және теріс үрдіс көріністеріне жедел ден қою тетіктері мен жағдайларын жасау;
6) құқықтық, ұйымдастырушылық, физикалық, аппараттық және бағдарламалық қорғау шараларының жүйесін пайдалана отырып, Қоғамның КАЖ ақпараттық қауіпсіздігі бұзуылуының ықтимал қауіптеріне қарсы әрекет ету;
7) ақпаратты рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау, сондай-ақ автоматтандырылған ақпараттық жүйелердегі айналымдағы деректердің тұтастығын, сенімділігін және қауіпсіздігін қорғау;
8)ақпараттық ресурстарға қолжетімділік деңгейлері бойынша корпоративтік есептеуіш желіні пайдаланушылардың тізбесі мен дерекқорын қалыптастыру/жаңарту, сондай-ақ Қоғам қызметкерлерінің Қоғамның жергілікті актілерінде белгіленген талаптарды сақтауын, ақпараттық ресурстарға қол жеткізу тәртібін сақтауына мониторинг жасау;
9) компаниялар тобының қызметкерлерін оқыту және олардың ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру іс-шараларын өткізу;
10) ақпараттық жүйелердің, корпоративтік ақпараттық жүйенің сақталуы, АҚ қағидалары мен саясатының орындалуы, жауапты бөлімшелердің/қызметкерлердің деректер қорын мұрағаттау, резервтік көшірмелер құру және олардың сақталуын қамтамасыз ету функциясын орындауы бойынша бақылау шараларын жүзеге асыру;
11) Қоғамның ақпараттық ресурстары мен ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы элементтерінің жай-күйіне объективті баға алу үшін компаниялар тобының бөлімшелерінде тексеріс жүргізу;
12) оқиғаны әртүрлі белгілері және олардың жіктелуі бойынша талдау;
13) автоматтандыру жобаларына және басқа жобаларға қатысу;
14) заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
15) ішкі және сыртқы байланыстарды ақпаратпен қамтамасыз ету;
16) АҚД функционалдық міндеттері шеңберінде филиалдармен және орталық аппаратпен өзара іс-қимыл жасау;
17) корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жоспарлар мен бағдарламалар шеңберінде іс-шараларды орындау;
18) жетекшілік ететін қызмет бағыттары шеңберінде Қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
19) бюджеттік және орта мерзімді жоспарлау процедураларына қатысу;
20) сатып алуды және жеткізуді жоспарлау және ұйымдастыру процедураларына қатысу;


Талаптар:

Автоматтандыру және басқару және/немесе Ақпараттық жүйелер, және/немесе ақпараттық қауіпсіздік және / немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар.
Ақпараттық технологиялар және/немесе ақпараттық қауіпсіздік саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Ақпараттық қауіпсіздік, телекоммуникациялар саласында оқығанын растайтын қосымша сертификаттар болған кезде кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесіне жол беріледі.

Шарттар:

5/2
жұмыс тәртібі 09.00 - 18.30 дейін
түскі ас 13.00.-14.30