Фрод бақылау басқармасының бас менеджері

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
46

Қаралған саны:
1594

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) алаяқтық операцияларды анықтау, тергеу және алдын алу   мақсатында Қоғам клиенттерінің шоттарына, төлем операцияларына сапалы және уақтылы мониторинг жасау, Қоғам клиенттерінің аталған процестерге қатысу дәрежесін анықтау;
2) ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес Антифрод АЖ-да ықтимал алаяқтық операцияларға уақтылы ден қою, оларға талдау жүргізу және қорытынды дайындау;
3) Антифрод АЖ-да талдамалық есептерді қалыптастыру және статистика жүргізу;
4) басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне кеңестік қолдау көрсету; 
5) Антифрод АЖ-да алаяқтық операциялардың алдын алудың жаңа қағидаларын және  сценарийлерін құру, дамыту, өзара іс-қимыл жасасу; 
6) Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелерімен бірге тіркелген күдікті және алаяқтық операциялар бойынша жұмыстарға қатысу; 
7) реттеуші билік органдарының сұрау салуларын талдау және қатысу/жұмыстар жүргізу,  алаяқтық операциялартуралы  сұрау салуларға жауаптар дайындау;
8) Қоғамның тәуекелдер жүйесін азайту/ жақсарту процестерін әзірлеу/қатысу және енгізу;
9) алаяқтық сызбаларды іздеу мақсатында Антифрод АЖ-да пайдаланушылық мінез-құлыққа тұрақты түрде талдау жасау;
10) Антифрод АЖ-да жаңа алаяқтық сызбаларға бейімделу бойынша ұсыныстар енгізу;
11) Қоғамның шоттары мен төлем операцияларына өздігінен мониторинг жүргізетін Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің «қара» тізіміндегі деректерге сәйкес, Антифрод АЖ-да «қара»/«ақ» тізімдерді жаңарту;
12) мамандандырылған БҚ пайдалана отырып, жүйедегі операцияларға тәулік бойы онлайн-мониторинг жасау;
13) қаржы транзакцияларына фрод мәніне талдау жасау, жаңа алаяқтық сызбаларды анықтау, фрод-мониторинг жүйелерін жақсартуға және пысықтауға қатысу;
14) антифрод жүйесін жаңғырту және қайта баптау арқылы төлемдер конверсиясын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізу;
15) талданатын үлгідегі бизнеске тән емес, қате ауытқуларды анықтау мақсатында кіріс трафикке мониторинг жүргізу және талдау жасау;
16) Компанияның чарджбэк және фродтан болатын 
шығынын азайту;
17) антифрод саласындағы сараптаманы арттыру;
18) бизнес-процестерді зерттеу және ықтимал қауіпті орындарды анықтау (өкілеттікті асыра пайдалану, ақпаратпен және деректермен манипуляциялау, қалыпсыз мінез-құлық, қауіпті технологиялардың пайдаланылуы);
19) өзекті күйде енгізілген процестер мен жүйелерді қолдау;
20) алаяқтық сызбаларды іске асыру әдістеріне талдау жүргізу және оларды детекторлау алгоритмдерін әзірлеу;
21) банк клиенттерінің төлем карталары бойынша авторизация және транзакция жүргізудің/сұрау салудың заңдылығын анықтау үшін корпоративтік телефон байланысын пайдаланумен (шығыс телефон соғу және кіріс қоңырауларды қабылдау) Қоғам клиенттерімен өзара іс-қимыл жасасу;
22) Қоғам клиенттеріне қабылданбаған авторизация/ бұғатталған карталар туралы ақпарат және/немесе ұсыныстар алу мәселелері бойынша кеңес беру.
Талаптар:
•Қаржы және / немесе  құқық және/немесе ақпараттық технологиялар және/немесе ақпараттық қауіпсіздік бейіні бойынша жоғары білім. 
• карточкалық операциялар және/немесе ақпараттық технологиялар және/немесе ақпараттық қауіпсіздік саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.
Шарттар:
• 5 күндік жұмыс аптасы, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.