Жетекші инженер-сметашы

ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
1540

   Конкурс туралы

Талаптар:

  • Білім бейіні: 
    • Жоғары техникалық (инженерлік-экономикалық)
  • Жұмыс тәжірибесі: 
    • Жобалау-сметалық құжаттама инженері мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл

Білімі мен дағдылары

  • Жобалау-сметалық және сметалық-қаржылық құжаттаманы жасау жөніндегі нормативтік құжаттар, әдістемелік және басшылық материалдар;
  • Өндіру технологиясы және жөндеу, монтаждау, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Қолданыстағы үлгілік сметалар, бағалар, жөндеу, монтаждау және құрылыс жұмыстарына түзету коэффициенттері, оларды қаржыландыру және мердігерлік ұйымдармен есеп айырысу тәртібі;
  • Ақау ведомостарын, жөндеу ведомостарын және басқа да техникалық құжаттаманы жасау тәртібі;
  • Экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері;
  • ҚР СТ ИСО 9001, ISO 9001, ISO 14001, ISO 50001, ISO 45001, ҚР СТ 1352/SA 8000 стандарттарының талаптары;
  • ABS 4, SAP жүйелерінің жұмысы;
  • Ағылшын тілін білу (қажет)
  • Жауапкершілік, сабырлылық, орындаушылық, тіл тапқыштық. Талдай білу

Міндеттері:

  • Жөндеу-монтаждау және жалпы құрылыс жұмыстарына сметалық есептерді жасау бойынша тікелей орындаушы болып табылады;                                                        Ұсынылған жобалар мен ақаулы тізімдемелер негізінде жөндеу жұмыстарының орындалуын сметалық-қаржылық құжаттаманы жасау;
  • Күрделі жөндеуге бекітілген титулдық тізімдерді, ақау ведомостарын, жөндеу ведомостарын және жөндеуге және реконструкциялауға жататын объектілердің жұмыс сызбаларын қарау және талдау;
  • Жөндеу құнын талдау негізінде жөндеу жұмыстарының (құрылыс, монтаж және т. б.) барлық түрлерінің сметалық құнын анықтау үшін бастапқы деректерді дайындау;  
  • Жөндеу жұмыстарының құнын төмендетуге, олардың сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді жүзеге асыру;
  • Қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды жеткізуге дайындаушы кәсіпорындармен шарт жасасу үшін қажетті материалдар дайындау;
  • Бағалар немесе жұмыс көлемі өзгерген жағдайда сметалық-қаржылық есептерге тиісті нақтылаулар мен түзетулер енгізу;
  • Жобалау ұйымдарының шығыстар сметасын жасау дұрыстығын тексеру және олар бойынша қорытынды дайындау;
  • Мердігерлік ұйымдармен сметаларды келісу және олардың шығыстар сметасына салынған нормативтерді сақтауын бақылауды жүзеге асыру, орындалған жұмыстардың актілерін жасау;
  • Сметалық құжаттаманың есебін жүргізу, типтік сметаларды құру мақсатында мерзімді қайталанатын жұмыстарға сметалық-қаржылық есептерді жүйелеу;
  • Жұмыстардың сметалық құны туралы қажетті анықтамаларды дайындау;

Қажетті қабілеттер

  • Составление смет
  • Сметы